Ұсталған адамның архивтегі фотосы

Қазақстанның бірқатар өңірінде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

183
(Жаңартылды 08:37 08.06.2018)
Бұған қоса, Оралда ішкі істер басқармасының екі лауазымды тұлғасының қылмысы әшкереленді

АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев еліміздің бірқатар өңірінде қылмыскерлер ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Павлодар облысы ІІД криминалды полициясы мемлекетаралық іздеуде болған кісі өлтіру қылмысына қатысы бар қылмыскерді ұстады. Қылмыс 2014 жылы облыс аумағында жасалған.

Ал Алматыда Қарағанды облысы ІІД жедел уәкілдері қарақшылық шабуыл жасаған қарағандылықты ұстады. Күдікті осы жылдың сәуірінде айырбастау пунктіне баса-көктеп кіріп, шетелдік валютада сақталған 6 миллион теңгені алып кеткен. 

Тағы бір қылмыскер Шымкент қаласында қолға түсті. Ол қаладағы ЖШС-нің бірінің менеджерінен 15 миллион теңгені тартып алмақ болып, көмекке ұмтылған жұмысшыны пышақпен жаралаған жергілікті тұрғын екен.  

Сондай-ақ, Садубаев ІІМ құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. 

"Мәселен, кеше Оралда облыстық ІІД ӨҚБ қызметкерлері қаланың ішкі істер басқармасының екі лауазымдық тұлғасын ұстады. Олар күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, 240 мың теңге ақша алған. Аталған қылмыстық істі тергеу тәжірибесі мол тергеушіге тапсырылды", — деді ол брифингте.

183
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

27
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

27
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

168
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

168
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды