Қоғам

Министрлік қазақстандықтардың табысын көтеруді жоспарлап отыр

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес, жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімі 46,1 мың долларға жеткізілмек

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Қазақстанда 2025 жылға қарай аз қамтылған азаматтардың табысы көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жыл басынан бері қазақстандықтардың жалақысы 1,2%-ға өсті – министр

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда халықтың 40%-ы – аз қамтылғандар. Олардың табысы 2025 жылға қарай 22,8%-дан 27%-ға дейін арттырылады. 

"Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімін 46,1 мың АҚШ долларына дейін, еңбек өнімділігін жылына орта есеппен 4,7%-ға жеткізу міндеті тұр. Елдің әлеуетін көтеру міндеті халықтың өмір сүру сапасын арттырумен қатар жүруі қажеттігін жақсы түсінеміз", — деп келтірді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің сөзін баспасөз қызметі.  

Бұл үшін, министрдің айтуынша, халықтың өмір сүру ұзақтығын 72-ден 75 жасқа дейін көтеру, 40% аз қамтылған халықтың табысын жалпы табыс көлемінің 22,8%-нан 27%-ға дейін арттыру, орта білім беру сапасын PISA тестін (Оқушылардың білімдегі жетістігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) қолдану арқылы жақсарту қажет.

Жаңалықтар
0