Елтаңба

Қазақстанның елтаңбасы қалай өзгеруі мүмкін?

225
(Жаңартылды 09:37 14.06.2018)
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуіне байланысты мемлекеттік рәміздер туралы заңға түзетулер енгізілмек

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша сенат комитетінің кеңейтілген отырысында конституциялық заңдар мен таңдаулы заңнамаға енгізілетін түзетулер қарастырылды.

Дәлірек айтсақ, "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Заң жобасы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңына түзету енгізбек: мемлекеттік елтаңбадағы "Қазақстан" сөзі латын әріптерімен жазылатын болады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге тапсырма берген болатын.

Тәуелсіз Қазақстан елтаңбасының авторлары – белгілі архитекторлар Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Заңнамаға енгізілетін басқа да өзгертулер мен толықтырулар туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.


225
Кілт сөздер:
Латын әліпбиі, мемлекеттік рәміздер, елтаңба