Жансақтау бөлімі

Білім министрі күйіп қалған мұғалімге қатысты пікір білдірді

318
(Жаңартылды 11:39 14.06.2018)
Білім министрі ауыл мектебінде болған оқиғаның мән-жайын біліп, қажетті көмек беруге уәде етті

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақмола облысында мектепті жөндеу кезінде күйіп қалған мұғалімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мән-жай анықталып жатыр, көмектеспек болыпты…. Әлбетте, оған жәрдем беруге тырысамыз, жергілікті атқарушы органдармен сөйлесу керек. Жинап, көмек беруге тырысамыз. Әуелі анықтау қажет", — деді Сағадиев Sputnik тілшісіне.

Бұдан бұрын Ақмола облысы полициясы Зеленый бор ауылында мектепті жөндеу кезінде ыстық смолаға күйіп қалған мұғалімнің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. "Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, мектеп гимназиясының шатыры бұзылып, жөндеу жұмыстарына қызметкерлер мен үш мұғалім жұмылдырылыпты.

Тарих пәні мұғалімі Ринат Шарафутдинов шелекпен ыстық гудрон әкеле жатып, құлап қалған. Салдарынан смола үстіне төгіліп, жас жігіт күйік алыпты. Жазатайым оқиғаның себептерін білу үшін жұмыс комиссиясы құрылды.

Оқиға 5 маусымда болды. Жас ұстаз қазір Ақмола облыстық ауруханасында. Дәрігерлердің айтуынша, хәлі бір қалыпты.

318
Кілт сөздер:
күйіп қалды, мұғалім, Білім және ғылым министрлігі, Ерлан Сағадиев