Қоғам

Астананың көлік жүргізушілерін тәртіпке шақырған кім?

© Photo : Рixabay/StockSnapЖүргізуші
Жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жол апаты саны азайды

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Астана жүргізушілері жол жүру ережесін сирек бұзатындықтан, жол апаты саны күрт азайды. Астана ішкі істер департаментінің пайымдауынша, темір тұлпар иелерін халық арасында "Исекешевтің көреген көзі" деп аталатын "Сергек" жүйесі тәртіпке келтірді.

Видеокамера - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада "Сергек" камерасы арқылы 523 қылмыстық іс ашылды

Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті жариялаған мәліметке сүйенсек, Астанада бес ай ішінде жол апаты саны 17,5%-ға азайған. 2017 жылмен салыстырғанда 216-дан 178-ге түсіпті. Зардап шеккендер саны 19,2%-ға қысқарды — 236-дан 193-ке. Жол апатынан қаза тапқандар саны 40%-ға азайды – былтыр осы уақыт аралығында 15 адам ажал құшса, биыл – тоғыз.

"Астанада жол апатының азаюына жүргізушілердің жол ережесін сирек бұзуы, жылдамдық режимін сақтауы басты себеп болып отыр. Ең әуелі, "Сергек" жүйесін орнатудың септігі тиді. Қазір бақылау камералары қаланың жартысын қамтиды, әлі де орнатып жатырмыз", — дейді Астананың әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Тоқжұманов.

Сонымен бірге, жол апаты көрсеткішінің төмендеуіне бағдаршамсыз жаяу жүргіншілер өткелінің азаюы себеп болған. Қазір бұл өткелдерде батырмасы бар бағдаршамдар орнатылуда. 

Үшінші себеп – біржақты қозғалыс көшелерінің пайда болуы: тар көшелердегі жол апаты саны айтарлықтай қысқарған екен.

Бұдан бөлек, автобустарға арналған жолақтардың енгізілуі жол апатының азаюына оң ықпалын тигізді.

Жаңалықтар
0