Турист, тау

Адал жұмыс істейтін турагенттіктердің тізімі жасалады

41
(Жаңартылды 08:22 14.06.2018)
Шетелге демалуға шығатын туристер каталогта көрсетілген турагенттікке жүгініп, жолдаманы еш қорықпастан сатып ала алады

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Қазақстан турагенттіктері қауымдастығы "Туристік Қамқор" корпоративті қорымен бірлесіп адал жұмыс істейтін турагенттіктердің каталогын әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан турагенттіктері қауымдастығының президенті, "Туристік Қамқор" корпоративті қорының турагенттіктермен жұмыс жөніндегі департаменті директоры Әсел Нұркебаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі таңда бізде турагенттіктердің мемлекеттік реестрі бар. Бірақ, өкінішке қарай, туристік маусым басында алаяқ турагенттіктер туралы ақпарат тарай бастады. Туроператорлық қызмет жүргізбей, "Туристік Қамқорға" кірмейтін бір күндік компаниялар пайда болады. Олар туристерге "супер" арзан тур ұсынып, клиенттерді алдайды. Ақыр соңында туристер сан соғып қалады. Бұл проблема бүгін ғана пайда болған жоқ, баяғыдан бар. Сондықтан жыл басынан бері біз Қазақстанның турагенттіктері қауымдастығы "Туристік Қамқор" қорымен бірлесіп бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Яғни қандай да бір мәселе туындаса, біз оны бірлесіп жылдам шешеміз", — деді Нұркебаева. 

Ол жақын арада нарықта адал жұмыс істейтін туристік агенттіктердің каталогы жасалатынын атап өтті. 

"Біз "Туристік Қамқор" қорымен бірлесіп, алаяқтыққа жол бермейтін, адал турагенттіктердің каталогын құруды жөн көрдік. Ол тізімдегі агенттіктерден туристер еш қорықпастан жолдама сатып ала алады. Қазір біз турагенттіктерге қойылатын талаптарды әзірлеп жатырмыз. Барлық турагенттікті осы тізімге кіруге шақырамыз", — деген ол шетелге демалуға барғысы келетін қазақстандықтарға кеңес берді. 

"Бағасы аспандап тұрған қонақ үйге тур болса, бірден сатып алмай, ойлану керек. Бұл, ең әуелі, туристің жауапкершілігі. Себебі "люкс" қонақ үй бір-екі тиын тұрмайды, оны әркім түсінуі керек. Екіншіден, турагенттікке келген кезде, әр азамат міндетті түрде туристік қызмет көрсетуге келісімшарт бекітілуін талап етуі керек. Бізде келісімшарт типтік, оны төрт министрлік бекіткен. Шетелге шығатын туристің қолында осындай типтік келісімшарт болуы тиіс. Одан кейін, барлық чек, кассалық кіріс ордері, қазыналық чек, "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры беретін туркод", — деп түйіндеді Нұркебаева.


41
Загрузка...