Қоғам

Бас прокуратура Әблязовтің митингтеріне қатысқандар қамалатынын ескертті

© Sputnik / Серикжан КовланбаевМұхтар Әблязов, архивтегі фото
Мұхтар Әблязов, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылдың 23 маусымында митингтерге шығуға шақырған

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. ҚР Бас прокуратурасы  әлеуметтік желіде "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымы арандату хабарламалары мен бейнероликтер таратқанын анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылдың 23 маусымында митингтерге шығуға шақырған.

Мухтар Аблязов, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әблязов негізін қалаған қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым болып танылды

"ДВК-ның" идеяларын насихаттап, митингтер өткізуге үгіттеу үшін Әблязовқа шетелде Қазақстанның сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесіп жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстар  жасағаны үшін жауапкершіліктен жалтару.

Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әблязовтың ақшасына Киев қаласында жарнама агенттігі және келбеті азиялық кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған. Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес.

Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.

Осы жылдың 12 маусымында "Ютуб" каналында "Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады" деген бейнероликте "қазақстандық жас мұғалім" рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған. 

Қайрат Қожамжаров - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қожамжаров: Әблязов пен Храпуновтар жауапкершіліктен құтыла алмайды

"Ютубтың" басқа бейнематериалында Қазақстанда жұмыс істейді деген және халықты  23 маусымда митингке шығуға шақырған жас жігіт – Әблязовтың туған жиені Айдар Амангельдиев болып табылады. Ол Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен.

Қазіргі уақытта ол Шотландияның қымбат университеттерінің бірі – "Глазгоу Каледонианың" студенті. Бұл университетте жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 20 мың стерлинг фунтты немесе 9 миллион теңгені құрайды.

Сот 2018 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында "ДВК-ның" іс-әрекетіне тыйым салғанын естеріңізге саламыз.

Бас прокуратура "ДВК-ның" экстремистік әрекетіне қатысу және оны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын қайталап түсіндіреді.

Митингтерге қатысуға шақыру "Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" заңның ережелерін бұзады.

Ашық акцияларды өткізу үшін 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет.

Бүгінгі таңда әкімдіктерге осы жылдың 23 маусымында митинг өткізу туралы өтініш түспеген.

Куат Найман Хамитов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қуат Хамитов Әблязовке үндеу жасады

Осыған байланысты митингтер заңсыз болып табылады, оларды ұйымдастыру мен оған қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабына сәйкес жауапкершілік, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделген.

"Прокуратура туралы" заңда көзделген өкілеттіктерді пайдаланып, барлық  азаматты Қазақстанның заңнама талаптарын қатаң сақтауға, арандатушылыққа және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамыз", — деп түйіндеген ведомствоның баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар
0