Қағаз бен қалам

Қағазбастылықпен күрес. Енді мұғалімдер 5 құжат қана толтырады

10674
(Жаңартылды 17:11 22.06.2018)
Білім министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сынып журналы, оқушылардың күнделігі, күнделікті сабақ жоспары, критериялық бағалау материалдары енген

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі ұстаздардың мәртебесін көтеру мақсатында бірталай жұмысты қолға алды. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Көптен бері көтеріліп жүрген мәселе – ұстаздардың мәртебесін көтеру. Мұғалімдерді қағазбастылықтан айыру бойынша министрлік біраз іс тындырды. Биыл министрдің арнайы бұйрығы қабылданып, оған сәйкес мұғалімдер қандай құжат жүргізуі керек деген тізімді біз анықтап бердік. Өйткені әр өңірде мектеп мұғалімдері әртүрлі қағаз толтырады. Министрлік тарапынан арнайы бұйрық қабылдап, бәріне ортақ тізім бекіттік. Енді ұстаздар тек 5 құжатты ғана толтыруы керек: сынып журналы, оқушылардың күнделігі, күнделікті сабақ жоспары, критериялық бағалау материалдары", — деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Аймағанбетов тізім барлық мектепке жолданғанын атап өтті. Сонымен қатар электронды журнал төңірегіндегі мәселе де шешімін тапқандай. 

"Өздеріңіз білесіздер, электронды журналды енгізгелі бері "мектептерде екі журнал (қағаз журнал) қатар қолданылады, екі жұмыс болды" деген шағымдар көбейді. Осыған байланысты біз тиісті шешім қабылдадық. Министрліктің №502 бұйрығына тиісті өзгеріс енгізілді. Енді егер мектеп электронды журнал жүргізетін болса, онда қағаз түріндегісіне тыйым салынады. Ал кең жолақты интернеті жоқ елді мекендерде, әрине, тек қағаз журнал жүргізіледі. Интернет пайда болғанда, электронды журнал жүргізуге жағдай жасалатын болады", — деді ол.


10674
Загрузка...