Түрікменстан президентінің Ашхабадтағы сарайы

Тоқал алуға бола ма? Түрікменстан президенті заңға қол қойды

4100
(Жаңартылды 16:33 27.06.2018)
Түрікменстанның Отбасы кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, ресми түрде көп әйел алуға тыйым салынды

АСТАНА, 21 маусым —Sputnik. Түрікменстанда ресми түрде көп әйел алуға тыйым салынды. Елдің Отбасы кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, оған президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған, деп жазды centralasian.org. 

Заңның жаңа мәтіні 19 маусымда мемлекеттік басылымдарда жарық көрген. Онда 7-бапта "Түрікменстанда көп әйел алуға тыйым салынады" деп, "Көп әйел алушылық дегеніміз — ортақ шаруашылық енгізіп, екі не бірнеше әйелмен бірге тұру" деп түсіндірген. 

Заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

2012 жылы қабылданған Отбасылық кодексінде бастапқыда екінші некеге тыйым салынған. Енді "көп әйел алушылық" термині енгізілді.

Түрікменстанның Қылмыстық кодексінде екі некеге тұрғандарға екі жылға дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған. 

Бірақ тыйымға қарамастан, жергілікті тұрғындардың айтуынша, көп әйел алу елде кең етек жайған.

Тоқал алатындардың некесін қиған имамдар жауапкершілікке тартылады>>

Жасырын тоқал алған ерлер абақтыға жабылады>>

Қарақат жұбайына тоқал іздеуі туралы бар шындықты айтып берді>>


4100
Загрузка...