Қоғам

ҰБТ-ның алғашқы күні қорытындыланды: есінен танып, залдан қуылғандар кім?

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстанда ҰБТ басталды
Қазақстанда ҰБТ басталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҰБТ-ның алғашқы күні Қазақстан бойынша екі мыңдай түлек шекті 50 балды жинай алмаған

АСТАНА, 21 маусым – Sputnik, Нұргүл Абай. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ның бірінші күнін қорытындылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Бір бала он телефонмен ұсталды". Қазақстанда ҰБТ қалай басталды?

Ең жоғары балл – 137 

ҰБТ-ның алғашқы күні Қазақстан бойынша 13 897 түлек сынақ тапсырды. Республика бойынша орташа балл 80,9 балды құрады, былтыр бірінші күннің нәтижесі бойынша 77,5 процент болған еді. Орташа балл республика бойынша 4 процентке жоғарылады.

11 795 түлек немесе ҰБТ тапсырғандардың 84,8 проценті шекті 50 балдан жоғары жинады. Ал 2102 бала шекті балл да ала алмаған. 

Ең жоғары балл 137 болды. 

Ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген түлектер саны – 46, кеше соның біреуі Алматыдағы ҚазҰУ-де ҰБТ тапсырып, 81 балл жинады. 

Оңтүстіктегі пунктердің бірінде бір түлек ҰБТ өткізу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан қуылып, сынақ тапсыра алмады. 

© Sputnik / Болат ШайхиновҰБТ-ның бірінші күні қорытындыланды
ҰБТ-ның бірінші күні қорытындыланды  - Sputnik Қазақстан
ҰБТ-ның бірінші күні қорытындыланды

Call-орталыққа 105 сұрақ түсті 

Биыл алғаш рет Call-орталық іске қосылды. Нөмірі 8-800-080-71-77. 

Ол жылдам ақпарат алмасып, туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі. 

ҰБТ-ның алғашқы күнінде Call-орталыққа 105 сұрақ түсті. Оның дені ата-аналардан. Қойылған сұрақтардың басым бөлігі ҰБТ ережелеріне қатысты. 

Түлектер ҰБТ нәтижесін қайдан көп қарады?

Тестілеу нәтижесін бұрынғыдай Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады. Сонымен қатар биыл Telegram көмегімен де білуге мүмкіндік бар. Ол үшін әр түлек өзінің жеке кодын (ИКТ,индивидуальный код тестируемого) енгізуі шарт. 

ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бірінші күн. Түлектердің алғашқы легі ҰБТ-ны қалай тапсырып шықты?

Кеше телеграм-каналға 23 мыңдай түлек тіркелген, нәтиже сұрауы 196 мыңды құрады. Бұған қоса edu.mail.ru сайтында кіргендер саны 14 мың, визит – 21 мың, қаралу – 186 мың. 

"Тест нәтижесін қарау бойынша ешқандай проблема туындаған жоқ. Оның үстіне түлектер өз балын ұлттық тестілеу орталығының сайтына кіріп, қайтадан тексеріп алды", — деді орталық директоры Рамазан Әлімқұлов. 

2 балаға медициналық көмек қажет болды 

Қазақстан бойынша 2 түлек дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Біріншісі Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған. Жылқыбай Арыстан есімді түлек ҰБТ кезінде есінен танып қалды. Жедел жәрдем көлігі келгенше, пунктегі медициналық қызметкерлер тиісті көмек көрсетті. Кейін оны жедел жәрдем дәрігерлері алып кетті. Мемлекетік комиссияның шешімімен ол ҰБТ-ны келесі топпен тапсыратын болды. 

Есінен танған екінші бала ОҚО, Сарығаш қаласында тұрады. Медициналық қызметкерлердің көмегінен кейін бала жарты сағаттан кейін есін жиған. Сөйтіп ҰБТ-ны жалғастыруға бел буған. 

"Ол түлегіміз сынақты жақсы тапсырып шықты", —деді Әлімқұлов. 

© Sputnik / Болат ШайхиновҰБТ-ның бірінші күні қорытындыланды
ҰБТ-ның бірінші күні қорытындыланды  - Sputnik Қазақстан
ҰБТ-ның бірінші күні қорытындыланды

50 балл жинай алмаған екі мың түлек не істейді?

"Жаңа форматтың ерекшелігі сол, түлектер ҰБТ-дан өтпей қалса, тамыз айында қайта тапсыра алады. Егер тамызда да тиісті балл жинай алмаса, онды қыркүйекте жоғары оқу орнына бір семестрге ақылы түрде түсуге мүмкіндігі бар. Бір семестрден кейін қаңтар айында үшінші рет тапсыра алады", — деді орталық директоры. 

Рамазан Әлімқұлов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ бойынша апелляцияға қашан өтініш беру керек?

Айта кетсек, биыл 102 447 мың түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Оның ішінде 77 223 оқушы қазақ тілінде, яғни 75,4%-і,  25 178 түлек – орыс тілінде, 24,6%, 46-сы ағылшын тілінде тапсырады. 

ҰБТ 167 пункте өтеді, оның 48-і жоғары оқу орындарының базасында, үшеуі – колледжде, 116-сы орта мектептерде орналасқан. ҰБТ өткізу кезінде 1206 аудитория жұмылдырылады. Барлық аудитория 100 процент дайын. Бейнекамералармен, ұялы телефон байланысын басатын құрылғылармен, металл детекторлармен жабдықталған. 

ҰБТ форматы еш өзгерген жоқ, бес пәннен тұрады. Үшеуі – міндетті, екеуі таңдау пәні. Барлығы 120 сұрақ, түлектер үшін 140 балл жинау мүмкіндігі сақталады.

ҰБТ 3 сағат 50 минутқа созылады.


Жаңалықтар
0