Қоғам

Әкім мешітке көлік сыйлады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨскемендегі мешіт
Өскемендегі мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аудан әкімі діни саладағы міндеттерді жүзеге асыруға қолдау ретінде мешітке көлік тарту етті

ӨСКЕМЕН, 23 маусым — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов қасиетті Жұма күні Зайсан аудандық мешітіне су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі. 

Аудандық мешіт алдында Қасымжанов сөз сөйлеп, аудандағы діни ахуалды реттеуге аудандық мешіт үлкен бастамалар арқылы нәтижелі жұмыс жүргізіп отырғандығын айта келе, халыққа сапалы қызмет көрсетудің маңызды екендігіне тоқталып, діни саладағы міндеттерді жүзеге асыруға қолдау ретінде аудандық мешітке көлік сыйлап отырғандығын айтты. Әкім халықтың алдында көлікті аудандық мешітке табыс етті.

Астанада "Алланың гүлі" атанған мешітті кім салдырғаны белгілі болды>>

"Аудандық мешіттің жұмысына деген шынайы қолдауды сезініп отырмыз. Біздің мешітіміз Діни басқарманың, өкілдіктің тапсырмаларын жүзеге асыру және асыл дініміз үшін халықтың сенімін ақтау жолында барынша сапалы қызмет атқартын болады", — деп атап өтті Зайсан ауданының бас имамы Тимур Қайдарұлы.

© Photo : "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметіЗайсан әкімі аудандық мешітке су жаңа көлік сыйлады
Зайсан әкімі аудандық мешітке су жаңа көлік сыйлады - Sputnik Қазақстан
Зайсан әкімі аудандық мешітке су жаңа көлік сыйлады
Жаңалықтар
0