Қоғам

Үйленгелі жүр еді: Ескендір Сүлейменовтің өмірі жайлы жақын құрбысы айтып берді

© Photo : из личного архива Искандера СулейменоваЕскендір Сүлейменов
Ескендір Сүлейменов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза тапқан Ескендір Сүлейменовтің құрбысы айтқандай, жігітті қаққан қыз "қарапайым емес". Марқұмның достары әділ үкімге қол жеткізуді көздеп отыр

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Өткен жексенбіде жол апатынан қаза тапқан Ескендір Сүлейменовтің жақын құрбысы қыршынынан қиылған жас жігіттің өмірі жайында сөз қозғады.

Мотоцикл - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда Олжас Сүлейменовтің немересін ақтық сапарға шығарып салды

Маликаның айтуынша, қыркүйек айында Сүлейменовтер отбасында екі қуаныш болуы тиіс еді. Ескендір 27 жасқа толған туған күні мен үйлену тойын атап өтуді жоспарлап жүрген.

Ескендірдің отбасында үш бала бар. Өзінен бір жас үлкен әпкесі, Ескендір және қарындасы. Ескендір жалғыз немере болғандықтан, Олжас Омарұлы Сүлейменовтердің ізін жалғастырсын деп өз фамилиясын берген. Ескендір Италияда мектеп бітірген, екі жоғары білімі болған. Төрт тілді жетік меңгеріпті: француз, ағылшын, итальян және орыс тілі. Елордалық компаниялардың бірінде активтер департаментінің маманы қызметін атқарған.

"Өзім білетін ең керемет жандардың бірі еді. Барлық жағынан жақсы адам, ішпейтін, шекпейтін, спортқа құмар еді. Мейірімді әрі салмақты болатын. Үйсіз жануарларды қамқорлығына алып, жәрдемдесетін", – дейді марқұмның жақын құрбысы Sputnik тілшісімен сұхбат барысында.

Ескендір мотоцикл туралы баяғыдан армандаған, бірақ рөлге отырғанына көп болмапты. Мотоциклді ұзақ айдамағаннан кейін жолда ерекше мұқият болып, жылдамдықты асырмайтын, деп еске алады Малика.

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр". Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты

"Жүргізушілік шеберлігін арттыру үшін Астанадағы байкерлер клубына қосылды. Тағдырдың жазуы шығар, клубтағы жігіттер суыт хабарды бірінші естіп, таратты", — дейді сұхбат беруші.

Қазір Ескендірдің анасы Еуропада тұрады, ал әкесі – Алматыда, қайғылы оқиға кезінде сапарда жүрген.

Апатқа ұшырар алдында бір күн бұрын Ескендір достарымен бірге "Астана Опера" театрында опера тыңдап қайтыпты. Жұма күні кешкісін досына бара жатқанда, жантүршігерлік жол апаты болған.

"Бақылау камераларындағы видеоны көрмедік, ең жақын туыстарына, тәтесіне ғана көрсетті. Хабарды естіген бойда, оқиға орнына жиналдық. Қанға боялған денесін көрдім, 12 метрге ұшып кетіпті. Дәрігерлердің айтуынша, бірден көз жұмған.  Мойыны үзіліп кетіп, басы жарылған", – деп Малика еске алады.

Полиция берген мәліметке сүйенсек, жол апатында кісі қаза тапқанда, қатысушыларды бірден алып кетеді. Бұл жолы да солай болыпты. Ескендірдің жақындары келгенше, көліктің рөлінде болған қыз оқиға орнынан табылмаған. Достары көлік пен жүргізушінің нөмірін суретке түсіріп үлгеріпті.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео

"Осы уақытқа дейін әлгі қыз келіп, апаттың қалай болғанын айтып берген жоқ. Отбасы ешкімді кінәламайды, тек өзі келіп, болған жайтты түсіндіргенін қалаймыз. Шуды көтерген бізбіз, интернеттің күшін пайдаландық. Оқиға орнында түсірілген видеоны көрсететін шығар деп үміттенеміз, оған ештеңе болмайды. Аты мен фамилиясын жариялауға тыйым салды, бірақ ол қыздың қарапайым емес екенін айта аламын. Мәселе Ескендір Олжас Сүлейменовтің немересі болғанында емес. Қыршынынан қиылған жас жігіт. Біз бар болғаны әділеттілікті сұраймыз", – деп ойын жеткізді марқұмның құрбысы.

Жантүршігерлік жол апаты Астанада Мәңгілік Ел және Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында жұма күні болған. Бүгін Алматыда Ескендірді соңғы сапарға шығарып салды. Жас жігітпен қоштасуға 300-ден астам адам келген.

Жаңалықтар
0