Динара Әлімбекова

Олимпиадада Беларусь еліне алтын сыйлаған қазақ қызы жеке өмірі туралы айтты

402
(Жаңартылды 19:52 28.06.2018)
Динара Әлімбекова қысқы Олимпиада ойындарында Беларусь елінің намысын қорғаған

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Қазақстан тумасы, биатлоншы Динара Әлімбекова өзінің жеке өмірі туралы әңгімеледі.

Sputnik мәліметіне сүйенсек, Әлімбекова Могилев облысындағы Чаусыда Қала күнін тойлауға қатысқан. Жергілікті билік өкілдерінің шешімімен спортшыға қаланың құрметті азаматы деген мәртебе беріліпті.

Тілші қыздың жеке өмірі мен алдағы жоспарлары туралы мағлұмат алды. Айтпақшы, биатлоншы қыздың жүрегін бір жас жігіт жаулаған екен, бірақ үйлену тойы әлі емес көрінеді.

"Жігітім бар. Бірақ үйлену тойы туралы ойлап жүрген жоқпыз. Әлі жаспыз. Өзіміз үшін, спорт үшін өмір сүру керек. Содан кейін отбасын құруды ойлаймыз", – дейді спортшы ару.

Болашақта қанша баласы болатынын ойламаса да, "неғұрлым көп болса, соғұрлым көңілдірек" болады деп пайымдайды екен.

Бойжеткеннің айтуынша, жақында иығына операция жасатыпты, қазір реаблитация кезеңін өткеріп жатыр.

Қазақ қызы Беларусь құрамасына Олимпиада алтынын сыйлады>>

Әлімбекова алдағы жоспары туралы нақты жауап бермеді, өйткені емделудің қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

"Әлбетте, жақсыдан үміттімін, әлем чемпионатына дейін формама келемін деп сенемін. 2,5 жыл бұрын жарақат алғанмын. Осы уақытқа дейін операциясыз емдеуге тырыстық, дегенмен ара-арасында жаныма батып тұратын", – дейді Динара.

Олимпиада чемпионы атап өткендей, проблемаға басын қатырмай, жақсы еңбек етуге өзін дайындап жүр.

Динара Әлімбекова 1996 жылы Қазақстанда дүниеге келді. Әкесі – қазақ, анасы – белорус. Үш жасында отбасымен Беларусь еліне көшіп кеткен. 2018 жылы Пхёнчханде өткен қысқы Олимпиада ойындарында Әлімбекова Беларусьтің намысын қорғап, эстафеталық жарыста алтын медаль иеленді.

402
Кілт сөздер:
алтын жүлде иегері, биатлон, Қазақстан тумасы, спорт, Қысқы Олимпиада, қазақ қызы, Динара Әлімбекова, Беларусь
Загрузка...