Қоғам

Байбек ҰБТ-дан жоғары балл алған алматылық түлекпен кездесті

© Photo : Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіБайбек ҰБТ-дан жоғары балл алған алматылық түлекпен кездесті
Байбек ҰБТ-дан жоғары балл алған алматылық түлекпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматының оқушылары ҰБТ қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленді

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған №123 мектеп-гимназияның түлегі Шиара Құдайбергеновамен кездесті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматының оқушылары 101,2 балла жинап, еліміз бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл "Алтын белгі" иелерінің қатары 100 түлекке артты.

Шиара Кудайбергенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-дағы алғашқы 140 балл: ең жоғары нәтиже көрсеткен түлекке сыйлық беріледі

Шиара Құдайбергенова болашақ мамандығын анықтағанын, "Логистика" мамандығы бойынша қазақстандық универсиеттердің бірінің экономика факультетіне түсуді жоспарлағанын айтты.

"Мемлекет басшысына үлкен рахмет, ол білім мен ел жастарына тұрақты назар аударып келеді. Өзімнің және ата- анамның атынан 11 жыл бойына білім нәрімен сусындатқан барлық мұғалімге алғыс айтамын", — деді ол.

Кездесу барысында қала басшысы оған Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабтың "Төртінші өндірістік революция" атты кітабын сыйлады, ол президенттің "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында басылып шыққан еді.

Рамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды>>

2018 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге 6735 түлек қатысты, олардың 3999 қазақ тілінде, 2731 орыс тілінде, 5-і ағылшын тілінде сынақ тапсырды. Қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 802 адамға өсті. 379 түлек шығармашылық емтиханды таңдады.

Қала бойынша орташа балл — 101,2 өткен жылғы көрсеткіштен 3,7 баллға жоғары. Түлектердің 55%-ы 100 және одан жоғары балл жинады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Алматылық 314 түлек 130-140 балл жинады.

Видеодерек: мүмкіндігі шектеулі түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?>> 


Жаңалықтар
0