Қазақстандағы ҰБТ, архивтегі фото

Түркістан облысында 4 оқушының ҰБТ нәтижесі жойылды

283
Өңірде 5 мыңға жуық түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 100-ден жоғары балл жинаған

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Түркістан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы  бес күнде өңір оқушылары емтихан тапсырып, біліміне сай тиісті балл жинап жатыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Тестілеудің бес күнгі қорытындысы бойынша – 20508 оқушы ҰБТ тапсырса, ең жоғары 138 балды 3 оқушы, 137 балды 5 оқушы, 136 балды 9  оқушы жинаған. Бұл туралы білім басқармасы мәлім етті.

Олардың айтуынша, 4843 түлек 100 балдан жоғары жинаған. Жалпы тестілеудің қорытындысымен облыстың орта балы – 79,4 балды құрап отыр.

Бұдан бөлек, ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 4 оқушы аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылды дейді ведомства өкілдіктері.

Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптары бұзылған жоқ, барлық бітіруші арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынған. 

Айта кетейік, облыс бойынша 2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 33765 оқушы бітірсе, оның ішінде 22417-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

26 маусым күні 2 ауданда 48 мектептен 1317 бітіруші ҰБТ тапсырады. Олар: Мақтарал, Сарыағаш аудандары.


283
Тақырып:
ҰБТ - 2019 (32)
Загрузка...