Перзентхана

Астанада жас босанған әйелдер көз жұмған босандыру бөлімі уақытша жабылды

236
(Жаңартылды 09:51 29.06.2018)
Перинаталдық орталық қызметкерлері босандыру бөлімінің уақытша жабылуына екі әйелдің өлімі себеп болған жоқ дейді

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Астанада №1 перинаталдық орталықта босандыру бөлімі жабылды, деп хабарлайды Sputnik.

Кеше хабарланғандай, Астананың сол жағалауындағы перинаталдық орталықта екі жас босанған әйел қайтыс болған. Марқұм әйелдердің сәбилері тірі. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әлі белгісіз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Sputnik агенттігіне хабарлағандай, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Әйелдердің қандай жағдайда көз жұмғанын сарапшы комиссия анықтайды.

Астанада жаңа босанған екі әйел көз жұмды>>

"Дүйсенбіден бері босандыру бөлімі жабық. Тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бейсенбі күні ашылады. Жүкті әйелдерді басқа перинаталдық орталықтарға жіберіп жатырмыз", — деді Sputnik-ке сұхбат беруші.

Алайда, перинаталдық орталық қызметкерінің айтуынша, бұл әйелдердің өлімімен байланысты емес.

236
Кілт сөздер:
босандыру бөлімі, ана өлімі, жас босанған әйел, Астана
Сауда орталығы

Қазақстанда қазан айынан бастап темекі сатудың тәртібі өзгереді

1
Еnergyprom мониторингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жыл ішінде 10 процентке өскен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. 1 қазаннан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары күшіне енеді. Яғни, бұл өнім енді міндетті таңбалануға жатады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, темекі өнімдерінің кез-келген айналымы қажетті деректерді оқитын және оны фискальды мәліметтер операторларына беруге мүмкіндік беретін 2D сканерді қолдану арқылы қолжетімді болмақ. Мұндай міндетті таңбалауды енгізу нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеді және халықты контрафактілік өнімдерден – арзан, бірақ қауіпті контрафактілік өнімдерден сақтайды.

Оқи отырыңыз: Пойызда темекі шегуге тыйым салынады: тәртіп бұзушы қалай жазаланады?

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап фильтрлі темекі өнімдерінің барлығы, ал 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап – сигаралар мен сигариллалар, қыздырылған темекі сияқты өнімдердің өзге де түрлері міндетті таңбалауға жатады.

Еnergyprom мониторингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жыл ішінде 10 процентке өскен.

Қыркүйек айының басында бөлшек сауда орындарында бір қорап темекінің құны 489 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ке қымбат.

"Темекі қорабы Ақтөбе (534 теңге) мен Нұр-Сұлтан (521 теңге) және Тараз (506 теңге) тұрғындары үшін қымбатқа түседі. Ең арзан баға Петропавл (468 теңге) мен Қызылорда (471 теңге) және Павлодар (474 ​​теңге) қалаларында болып тұр", – деп хабарлайды агенттік.

Қазақстанда қанша адам темекі шегеді

Статистика комитетінің сауалнамасына сәйкес, қазір елімізде адамдардың 21,9% темекі тартса, 78,1% темекі шекпейді. Сондай-ақ, Қазақстанда тәулігіне 14,1 миллион дана темекі өнімдері шегілетін көрінеді.

1
Кілт сөздер:
сауда, темекі
Тақырып бойынша
Қай жерде темекі шегуге болмайды – мамандар жаңа заң талабын түсіндірді
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
21 жасқа толмаған қазақстандықтарға темекі сатып алуға тыйым салынады 
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Сауда министрлігі темекі сату тәртібін түсіндірді
Facebook

Ішкі істер министрі әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты

14
Тоқаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-те жеке аккаунты ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының халыққа жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында бүгіннен бастап ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тегі жеке аккаунтының ашылатынын хабарлаймын. Негізгі мақсат - халықпен диалог жасаудың алаңын құру", - деді Ораз бүгінгі онлайн брифингте.

Бұл қадам полицияның ашық және қолжетімді болу процесіне өз үлесін қосады деген сенімдеміз, деді ол.

Оқи отырыңыз: Желіде видео бөліскен алматылықтың басы бәлеге қалды

14