Қоғам

Астанада 3 құрылыс компанияcы лицензиясынан айырылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаЖұмысшы
Жұмысшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әсет Исекешев нысанды қабылдау кезінде бірнеше рет қателік жіберген қадағалау өкілдерін де аттестатынан айыруды тапсырды

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен нысандардағы құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізгені үшін 3 компания құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құрылыс, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада салымшылар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" басып кірді

Оның ішінде "Expolis Invest VM" ЖОО (Royal EXPO Apartments TК), "Astana Trade International"ЖШС (Премьера 2 және Премьера 4 ТК) және "АБК Құрылыс" ЖШС (Ф2 жабық шатыр мен ЕХРО С1 павильоны) – Жоғарғы соттың қарауында жатыр. Ал "Астана Трэйд" ЖШС (Олимп Палас ТК) қатысты лицензиясынан айыру туралы материал сотқа жолданды.

 Құрылыс сапасы жөніндегі отырыста Әсет Исекешев нысанды қабылдау кезінде бірнеше рет қателік жіберген авторлық және техникалық қадағалау өкілдерін де аттестатынан айыруды тапсырды. Қадағалау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымына сүйене отырып, жыл басынан ревизия тағайындау туралы 543 акт тіркелді, қазіргі таңда оның 187-сі тексерілуде.

Астана билігі "сақалды" құрылыстардағы крандарды алып тастауға кірісті>>

Өзінің қызметін тиісті пайдаланбаған 9 техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты тоқтатылды: Е. Мейрамғалиев, Б. Кенжебеков, С. Байкенов, Г. Жүсіпова, С. Бономанко, С. Гершкул, Б. Жаркенов, Э. Эржигитов, Т. Қазбеков. Одан басқа, сот рұқсатсыз салынған 4 нысанды сүріп тастауға шешім шығарды.  

Астана әкімдігі елорда тұрғындарын өзіне және айналасына қауіп келтіретін талапқа сай келмейтін нысандарды салмауға шақырады.

Астанада "Нұрлы жер" аясында қанша пәтер пайдалануға берілді?>> 


Жаңалықтар
0