Жедел жәрдем, архивтегі фото

Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қаққаны белгілі болды

1813
(Жаңартылды 12:19 29.06.2018)
22 маусым күні Астанада жол апатынан ақын Олжас Сүлейменовтің немересі көз жұмған еді

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Астанада 22 маусым күні Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшысының қызы қаққан. Бұл туралы Астана ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әділовтің айтуынша, 22 маусым күні сағат 20.56-да ІІД Жедел басқару орталығының "102" пультіне жол апаты туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Астана ІІД жедел тергеу тобы, департамент басшысы, Есіл ауданы ішкі істер басқармасының жауапты басшылары, прокуратура қызметкерлері аттанған. 

"Жүргізуші Мұхитова "Hyundai IX Tucson" көлігімен Мәңгілік ел көшесінде солға бұрылмақ болғанда, Сүлейменов айдап келе жатқан мотоциклмен соқтығысты. 1991 жылғы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті сотқа дейінгі тергеулер реестріне тіркелді. Қазіргі таңда ҚР ҚК345 бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Мұхитова жол апатынан кейін оқиға орнында болды. Қажетті тергеу шараларынан жалтарған жоқ. Тексеріс барысында жүргізушінің ішімдік ішпегені, есірткі қолданбағаны анықталды", — деп мәлімдеді департамент басшысының орынбасары.

Оқиға болған күні күдікті Мұхитовадан жауап алынған. Оның үстіне қылмыстық іс бойынша оқиға орнына алғаш келген жедел жәрдем дәрігерлерінен, куәгерлер мен бірінші келген полицейлерден жауап алынды. Сондай-ақ, оның айтуынша, жол апаты Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнебақылау жазбасы 22 маусым күні тәркіленіп, қылмыстық іс материалына қосылды. 

ІІД басшысының орынбасары Ескендірді көлігімен қаққан жүргізушінің әкесі құқық қорғау органдарында істейтінін растады. 

"Жүргізуші Мұхитованың әкесі ішкі істер органдарының қызметкері екенін растаймын. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы –Қайрат Болатұлы Мұхитов, полиция полковнигі", — деп нақтылады ол. 

Анықтау басқармасының басшысы Асылжан Қалдарбеков күдіктіге қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасы таңдалғанын мәлімдеді. 

"Мұхитова Малика Қайратқызы, 1989 жылы туған. Дәл қазір Астанада. Біздің тергеу әрекеттеріне еш кедергісіз қатысып жатыр. Есіл аудандық сотының шешімімен кепіл түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды", — деді ол.

Кепіл сомасы – 601 250 теңге. Аталған жол апатының тергеу барысы Астана ішкі істер департаменті басшылығының бақылауында. 

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді.  Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. 

25 маусым күні жазушының немересін Алматыда ақтық сапарға шығарып салды. 

Марқұмның құрбысы Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұқбатында Ескендірді қаққан қыз "қарапайым емес" екенін айтқан болатын. Жас жігіттің туыстары әділ үкімге қол жеткізуді көздеп отыр. 

Үйленгелі жүр еді: Ескендір Сүлейменовтің өмірі жайлы жақын құрбысы айтып берді>> 

Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео>> 

"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр". Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты>> 


1813
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Архивтегі фото

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  

1200
(Жаңартылды 12:43 13.08.2020)
Қазақстанның үш азаматы мен бір шетелдік Ақмола облысында психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық тергеу департаменті мен Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағы Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: ҰҚК гаражды жасырын зертханаға айналдырған ер адамды ұстады

Құқық қорғаушылар Қазақстанның үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады. Күдіктілер Ақмола облысында психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ашқан. Ал заңсыз тауарды Нұр-Сұлтан қаласында таратқан.

"Есірткі Интернет желісіндегі "Deep Web, Darknet" көлеңкелі сегментінің платформасында "закладок" деп аталатын жолмен сатылған.  Тінту кезінде есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен құрал-жабдықтар табылды", - делінген ресми хабарламада.  

Ұсталған адамдар комитеттің тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхананы анықтаған болатын. 27 шілде күні Алматы қаласында екі ер адам ұсталды. Күдіктілер есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіретін жасырын зертхана ашқан. Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды.

1200
Кілт сөздер:
операция, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Тақырып бойынша
Арнайы операцияның видеосы: ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады
Арнайы операция: ҰҚК қылмыстық топты ұстады  
Алматы облысында "Нұр жолы" бекетінде сегіз кеденші ұсталды
Жол жиегінде тұрған троллейбустар, архивтегі сурет

Алматы троллейбустан бас тарта ма: Сағынтаев жауап берді

41
(Жаңартылды 10:48 13.08.2020)
Мегаполис әкімі пандемияға байланысты желілерді жаңартуға бөлінген қаражат үш есеге қысқартылғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, "Алматы" телеарнасында Akimat LIVE бағдарламасының эфирінде троллейбус инфрақұрылымын жаңғырту туралы тұрғындар сауалына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Коронавирустың кесірінен барлығына шығындар азайтылды. Бізді троллейбустардың жағдайы қызықтырады. Көбіне байланыс желілері істен шығып, троллейбустар көшедегі қозғалысты жиі тоқтатып жатады. Бәлкім, трамвай сияқты, троллейбустан да бас тартқанымыз жөн болар," - деп сауал қойды қала тұрғыны.

Сағынтаев өз жауабында бұл мәселе күн тәртібінде емес екенін айтты.

"2019 жылы біз олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін байланыс желілері мен қосалқы станцияларды модернизациялау бағдарламасын қабылдадық. Биыл пандемияға байланысты бұл шығындарды біршама төмендеттік, ол жоспарланған 5 миллиардтың орнына 1,7 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде, жыл соңына дейін шамамен 16 көшенің желісі жаңғыртылатын болады", - деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, троллейбус инфрақұрылымын толық жаңғырту, оның ішінде 172 шақырым байланыс желісін ауыстыру 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған.

"2020 жылдың соңына дейін Жандосов, Сейфуллин, Қабанбай батыр, Әуезов, Розыбакиев, Жұбанов, Райымбек, Емцов, Қалдаяқов, Пушкин көшесінің бойында, Рысқұлов пен Райымбек даңғылының бойындағы байланыс желісінің тіректерін бөлшектеу және орнату жоспарлануда", - деп толықтырды Сағынтаев.

Айта кетейік, кабельдік және байланыс желілеріне күрделі жөндеу соңғы рет 2000 жылы жүргізілген.

Алматыда троллейбустар қай кезден бері жүреді?

Алматы қаласында алғашқы троллейбус соғыс кезінде – 1944 жылдың 20 сәуірінде іске қосылды. 1960 жылы троллейбус желісінің ұзындығы 34,4 шақырымға жетсе, он жылдан кейін – 151 шақырымды құрады.

Оқи отырыңыз: Фотодерек: Алматыда троллейбус кептелісі болды

Сағынтаевтың айтуынша, қазір троллейбустардың жалпы саны 194. Алайда, бүгінгі таңда Алматыда күн сайын сегіз бағдар бойынша 160 троллейбус орта есеппен 120 мың адамға қызмет көрсетеді. Айына 2,5 – 3 миллион жолаушы аталған көліктің қызметін пайдаланады.

Ал троллейбус желісінің жалпы ұзындығы 191 шақырымды құрайды.

41
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, қоғамдық көлік, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды
Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының саны 80%-ке азайды
Алматыда троллейбус өртенді
Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған
Шымкент, қала келбеті

Шымкенттегі жағымсыз иістің себебі анықталды

0
Қазгидромет мамандары жалпы қала бойынша 7-12 тамыз аралығында ластану деңгейі жоғары болмағанын хабарлады

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Шымкент тұрғындары қаланың кей аудандарында пайда болған жағымсыз иіске шағымданды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК өңірлік филиалы осыған байланысты тексеріс жүргізді.

"Шымкентте алты бекетте атмосфералық ауаны бақылау жұмыстары қолға алынды. Оның төртеуі қолмен сынама алу арқылы, екеуі автоматты түрде жүргізіледі. Тексеріс барысында 11 көрсеткіш анықталады: қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртек оксиді, аммиак, формальдегид, күкіртсутек, озон", - деп хабарлады Қазгидромет.

Екі бекетте шекті рұқсат етілген норма деңгейі асып кеткені белгілі болды.  

  • Самал-3 шағын ауданындағы №5 бекетте 7 және 11 тамызда қалқыма заттар (шаң)  көлемі 2 шекті рұқсат етілген нормаға дейін 10 рет және РМ-10 қалқыма бөлшегі дәл осы күндері 1,5 шекті рұқсат етілген нормаға дейін 5 рет асып кеткені анықталды;
  • Нұрсат шағын ауданындағы №6 бекетте азот диоксиді 9 тамызда 1,6 шекті рұқсат етілген нормаға дейін бір рет, сондай-ақ, аммиак 7 тамызда 6,0 шекті рұқсат етілген нормаға дейін бір рет асып кеткен.

"Қалған заттар бойынша шекті нормадан асып кету фактісі тіркелген жоқ. Жалпы қала бойынша жоғары (10 шекті рұқсат етілген нормадан көп) және экстремалды жоғары ластану (50 шекті рұқсат етілген нормадан көп) жағдайлары тіркелген жоқ",- деп хабарлады Қазгидромет.

Шекті рұқсат етілген нормадан асып кету жағдайларының жиілеуіне байланысты "Қазгидрометтің" өңірлік филиалы  қаланың кей аудандарында атмосфералық ауаны жоспардан тыс өлшеп жатыр. Жоспардан тыс өлшеу шараларының нәтижесі қосымша жарияланады.

0
Кілт сөздер:
Қазгидромет, Шымкент
Тақырып бойынша
Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріле ме: экологтар талабына министр жауап берді
Айыппұл өседі – Тоқаев министрге тапсырма берді
Үкімет Көбейтұзға қатысты шешім шығарды
Туристер Қазақстанның ең таза өзені ағып келетін Сілеті су қоймасын ластап жатыр