ҰБТ

"Әуелі анамды қуанттым": маңғыстаулық екі түлек ҰБТ-дан 136 балл алды

650
Екеуі де мұндай жоғары жетістікті күтепті

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Маңғыстау облысында мектеп бітіруші түлектер Ержан Жанжігітов пен Ерсұлтан Рахметұлы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 136 балл жинады.

Маңғыстау облысында биыл тестілеуге төрт мыңнан астам түлек қатысыпты, деп хабарлайды Sputnik lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Шетпе гимназиясын бітірген Ержан Жанжігітов тестіден 120 балл аламын деп ойлаған екен. Сынаққа дайындықты сонау тоғызыншы сыныптан бастап, репетиторлардың да көмегіне жүгінген. Қуанышты хабарды сынып жетекшісінен естіпті.

"Әуелі анамды қуанттым. Бәрінен мені уайымдаған сол кісі еді. Кейін достарыма қоңырау шалдым", — деді Жанжігітов.

Ержан жоғары жетістікке жетуіне ең әуелі физика және математика пәндерінің мұғалімдері зор үлес қосты деп санайды. Бозбала Көкшетау техникалық институтына түскісі келеді.

Екінші түлек — Ерсұлтан Рахметұлы Жаңаөзен мектеп-лицейін бітірген — дайындықты 11-сыныпта бастапты, ол да 130 балл аламын деп ойлаған.

Қорытындыны естігенде, өз құлағына өзі сенбей, қатты қуаныпты. Бірден ата-анасына хабарласқан. Оларға сенімі мен қолдауы үшін алғысын айтып, өзін дайындаған ұстаздарына да ризашылығын білдірді. Ерсұлтан Әл-Фараби атындағы университетке түскісі келеді. Заң факультетін бітіріп, прокурор атанғысы келеді.

Министрлік ҰБТ-да тәртіп бұзатын түлектерге айыппұл салуды ұсынды>>

650
Кілт сөздер:
жоғары балл, түлектер, ҰБТ, Маңғыстау облысы
Тақырып:
ҰБТ - 2018 (49)
Загрузка...