Қоғам

Қазақстан алғаш рет Домбыра күнін атап өтіп жатыр

© Sputnik / Болат Шайхинов1 желтоқсанға орай флешмоб
1 желтоқсанға орай флешмоб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада 1 шілдеге қараған түні дүниеге келген балаларға мереке құрметіне домбыра сыйға тартылады

АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Қазақстан тұрғындары жексенбі күні Ұлттық домбыра күнін алғаш рет атап өтуге дайындалып жатыр.

Ұлытау - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Назарбаев Қазақстанда жаңа мереке пайда болғанын мәлімдеді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елде тағы бір мереке пайда болғаны туралы жарлыққа маусымның ортасында қол қойды. Құжатқа сәйкес, Домбыра күні қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында енгізіліп отыр. Енді бұл күн жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді. 

Астанада мерекені қалай атап өтеді? 

Астанада жаңа мерекені кең көлемде атап өтуге дайындық жасалып жатыр – "Қазақ Елі" монументі жанындағы алаңда халықтық серуен ұйымдастырылады, киіз үйлер тігіліп, ұлттық аспаптардың музейі ашылады. Әрине, басты орында домбыра болады. Музейде Дина Нұрпейісова, Құрманғазы, Ахмет Жұбанов сынды ұлы тұлғалардың домбыралары көпшілік назарына ұсынылмақ. 

Астанада 500 домбырашы бір мезгілде күй орындайды>>

Еліміздің мыңдаған музыкант домбырашысының қатысуымен "Домбыра – асыл мұра" концерті мерекенің көркін келтіреді. Қонақтар сондай-ақ музыкалық аспап қалай жасалатынын өз көзімен көре алады.

Сонымен қатар, Астанада 1 шілдеге қараған түні дүниеге келген балаларға мереке құрметіне домбыра сыйға тартылады. Қайырымдылық акциясы Молдағұлова көшесіндегі, сондай-ақ  Тәуелсіздік даңғылындаға перзентханаларда өтеді.  

Алматылықтардың дайындығы қалай? 

Алматыда да Домбыра күнін атап өтуге қызу дайындық жүргізіліп жатыр – мерекелік шаралар күні бойы Панфилов, Жібек жолы көшелерінде және Ықылас Дүкенұлы атындағы халықтық музыка аспаптары музейінде өтеді.  

Домбыра - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Домбыра күні. Қазақстандықтар жаңа мерекені қалай атап өтеді?

Тілек білдірген кез келген адам аспапты жасаудан шеберлік сыныптарына қатысып, домбыра шертуді үйренеді. Сондай-ақ қонақтар мен тұрғындар қолданбалы өнердің жәрмеңкесіне, фотокөрмеге, байқаулар мен сұрақ-жауаптарға қатыса алады. Бес жүз адам домбырашылардың флешмобына қатысады, олар қазақ күйлерін орындайды. Ашық аспан астында фольклорлық-этнографиялық ансамбль мен ұлттық музыка орындаушыларының концерті өтеді.   

Бұл күні концерттер, мерекелік шаралар еліміздің өзге де өңірлерінде өтеді.

Балғынбек Имашев: "Жүрсіннің жүйрігі" болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз>>

Жаңалықтар
0