Қымызмұрындық

Назарбаев: Домбыра қазақтың бренді мен паспорты

219
(Жаңартылды 09:32 02.07.2018)
Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде алғаш рет Ұлттық домбыра күні мерекеленіп жатыр

АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін елімізде алғаш рет Ұлттық домбыра күні аталып өтіп жатыр. Президент жарлығымен бекітілген мереке шілденің бірінші жексенбісінде тойланады. Астанадағы "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда 2000-нан аса музыканттан құралған домбырашылар оркестрі өнер көрсетті. Концертке президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. 

"Ұлы мұрамызды ұлықтайтын бүгінгі Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Менің жарлығыммен жыл сайын осы айдың жексенбі күні Домбыра күні деп аталатын мереке болды. Сол жарлыққа байланысты тек Астанада ғана емес,Қазақстанның барлық түкпрінде, облыс орталықтарында, қалаларда, аудандар мен ауылдарда да бүгін дәл осылай Домбыра мерекесі тойланып жатыр. Домбыра қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы деп айтуға болады. Ол ұлы даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр", — деді елбасы мерекелік концертте. 

Назарбаев Қазақстанда жаңа мереке пайда болғанын мәлімдеді>>

Мемлекет басшысы қазақ жерінен табылған әр жылдары табылған домбыраның тарихына тоқталды. 

"Бір кездері Майтөбенің тұсынан домбыраның суреті бар Таңбалы тас табылғанын бәріміз білеміз. Ғалымдар ол сурет берісі 4 мың, арысы 6 мың жыл бұрын бедерленгенін дәлелдеп отыр. Арал маңында домбыра ұстаған адамның мүсіні біздің дәуірімізден 4 ғасырдың мұрасы болса, ал Алтайдан табылған ата домбыра біздің дәуірімізден 5 ғасырға тиесілі. Көріп отырсыздар, Алтайдан Атырауға дейін бүкіл Қазақстанның даласы 4-5 мың жылдан бері осы домбыраның үнін естіп келе жатыр. Ол барлық қазақтың бір екенін, қанымыздың да, жанымыздың да бір екенін дәлелдейтін өте нақты нәрсе", — деді президент. 

Назарбаев домбыра қазақтың бренді мен паспорты екенін атап өтті. 

"Тыңдаушысынан жігерлендіретін төкпе күйлер мен сыршыл шертпе күйлер қазақтың табиғатын танытады. Күміс көмей әншілеріміз домбыраны қолға алып, сайын даланы жаңғыртып, әуелетіп ән салған. Қастерлі аспап бүгінде симфония мен операға әр беріп, классикалық өнердің ажырамас бөлшегіне айналып келеді. Ол қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті", — деді Елбасы.

Ол ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін атап өтті.

Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысына қолдау білдірді>>  

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы арқылы ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға домбыра ерекше үлес қосады. Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Тәттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері төл мәдениетіміздің бірегей үлгілері. Кешегі арамыздан өткен Нұрғиса Тілендиев домбыра арқылы өзінің өшпес өнерін қалдырды. Олардың бәрі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жалғасып, халықтың жадында сақталып келеді. Елімізде қасиетті қара домбыраға деген құрмет ешқашан төмендеген емес. Осыдан біраз жыл бұрын Астаада күй атасы Құрманғазының ескерткіші бой көтерді. Алматыда әйгілі күйші Нұрғиса Тілендиевтің еңселі ескерткіші орнатылды. Осының бәрі домбыра мен күй өнерінің ғасырлар бойы даламызды сазбен тербеткен күйшілерді  қадірлеудің көрінісі болып табылады", — деп түйіндеді Назарбаев.

219
Загрузка...