Қоғам

Қазақстанда бас әскери прокурор ауысты

© SputnikБас прокуратура
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратурада кадрлық тағайындау жүзеге асырылды

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысының келісімі және бас прокурордың бұйрығымен 3 сыныпты әділет кеңесшісі Дастан Шаймерденұлы Сартаев бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды қадағалау органының баспасөз қызметі.

Азамат Ахметов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы тағайындалды

Дастан Сартаев 1959 жылы туған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы органдарынан бастады. Аудан және қала прокуратураларына басшылық етті. Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарының прокуратураларын басқарды.

2014 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокуроры лауазымында болды.

Заң ғылымдарының кандидаты. "Құрмет" және ІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерімен марапатталған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі — 36 жыл.

Жаңалықтар
0