Қоғам

Ресейлік қашқын 20 жыл бойы Қазақстанда жасырынып жүрген

© AP Photo / Dieu Nalio CheryКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік алаяқ ұрланған құжаттармен Қазақстан азаматтығын алған

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Ресейдің әскери бөлімшесінен қашып кеткен сарбаз 20 жыл Қазақстанда жасырынып жүрген. Қостанай облысы полицейлері Денисов ауданының тұрғынын жалған құжат жасады деген күдікпен ұстады.

Түрме күзетшісі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда түрмеден қашқан қылмыскер жасырынып жүр

Тексеру көрсеткендей, ер адам біреудің төлқұжатын пайдаланып, соның көмегімен Қазақстан азаматтығын алған, республикада жиырма жылдай тұрыпты.

Ал Ресейдің тәртіп сақшылары 1997 жылы өз бетімен әскери бөлімшеден кетіп қалған сарбазды осы уақытқа дейін іздеп келген.

Тергеу барысында анықталған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан азаматтығын алуға мүмкіндік берген құжатты ер адам сол кездегі қызметтес сарбаздан ұрлап, жасатып алған екен.

Ұсталған ер адам Ресейге экстрадицияланды, тергеу жалғасып жатыр.

Жеті жыл қолға түспеген: Қазақстанға экстрадицияланған кім?>>

Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді>>

Жаңалықтар
0