Қоғам

Бүгін қазақстандықтар Астана күнін атап өтіп жатыр

© SputnikАстананың жиырма жылдығы
Астананың жиырма жылдығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордаға биыл 20 жыл толып отыр

АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. 6 шілде күні жыл сайын қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді. Биыл Астананың Қазақстанның бас қаласы болғанына 20 жыл толып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Астана күніне жасалған сыйлықтар туралы айтты

Бұл мереке бұрын Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда аталып өтетін. Ал 2008 жылдан бері мереке 6 шілдеге ауыстырылып, мемлекеттік мереке болып жарияланды. 

Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойына Қазақстан ерекше дайындалды. Республиканың барлық өңірі елордаға сый жасады. Олардың арасында веложол, Есіл өзені арқылы өтетін көпір, саябақ және тағы басқасы бар.

Исекешев астаналықтарды елорданың мерейтойымен құттықтады

Астана - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Министр Астананың мерейтойына жоспарланған ең қымбат шараны атады

"Қалаға бірдеңе сыйлағысы келеді: біреулері гүл бағын, енді бірі жаңа көше, біреуі мектеп, балабақша. Оларға үлкен рақметімді айтамын, өйткені бұл біздің Отанымыздың астанасы, барша қазақстандықтың елордасы. Сондықтан елордада әр өңірді еске салатын орындардың болғаны дұрыс. Оның үстіне, бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар жиналған", — деген еді Елбасы. 

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін қала алаңдарында, Есіл жағалауында түрлі мерекелік концерттер өтеді. Биыл қазақстандықтар Астана күніне орай үш күн демалады. 

Сонымен қатар, 6 шілде күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та туған күнін атап өтіп жатыр. Бүгін Елбасы 78 жасқа толды.

Астананың 20 жылдығын атап өту туралы Sputnik материалдарынан оқыңыз

Жаңалықтар
0