Жерасты қоқыс контейнерлерін орнататын орындар анықталды

Астанада жерасты қоқыс контейнерлері орнатылады

39
(Жаңартылды 11:52 10.07.2018)
Жерасты қоқыс контейнерлерін орнататын орындар анықталды

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Астана әкімдігі жаңа жерасты қоқыс контейнерлерін орналастыру үшін контейнер алаңын анықтады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылығы тереңдетілген жәшіктерді "Байқоңыр", "Сарыарқа", "Алматы" аудандарына орнатпақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, үш ауданда небары жаңа типтегі 26 контейнер орнатылады: "Байқоңыр" – 14 контейнер, "Сарыарқа" – 10, "Алматы" ауданында – 12 контейнер орнатылмақ.

"Тұрғын үй құрылысының тығыздығы мен жүретін жолдардың тарлығы, ірі габаритті арнайы техниканың қоқысты шығарар кездегі қиындығына байланысты қаланың үш ауданында тереңдетілген контейнерлерді орнататын 12 орын анықталды. Алғашқы бес контейнердің монтаж жұмыстары Абылайхан 25 даңғылы мен Пушкин 15 көшесінде аяқталды, қазір сол учаскені абаттандыру жүргізіліп жатыр", – делінген ресми хабарламада. 

"Бұзылған" жұмыртқалардан балапан жарып шықты – видео 

Айта кетейік, жерасты қоқыс контейнерінің көлемі 3, 5 текше метр, қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын және жерасты жинау технологиясын жасаған Финляндияның өндірісі.  Бір контейнердің сыйымдылығы  3 текше метр, бұл кәдімгі 3 қоқыс жәшігін алмастырады. Ал қоқыстың тең жартысы жер астында жатады. Бұл ауладағы алаңның көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мұндай контейнерлер бактерияның таралуы мен күн ысыған кезде жағымсыз иістің шығуын азайтады.  

Жерасты контейнерлеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс тасымалдайтын "Clean city" компаниясы жүзеге асырады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) тереңнен жинау үшін компания арнайы манипулятор сатып алған, ол күн сайын жаңа контейнерлердегі қоқыстарды шығарады.

Көшеден табылған пакет Өскемен тұрғынының зәресін алды 

39
Кілт сөздер:
қоқыс жәшігі, Астана
Дәрі-дәрмектер мен емдік шаралар

Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады

3159
(Жаңартылды 18:06 10.08.2020)
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, бүгінде ең пессимистік болжамдар негізге алынады. Соның арқасында денсаулық жүйесін барынша дайындап қоюға мүмкіндік бар

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жыл сайын вирустық инфекциялар мен тұмауға 1 миллионға жуық адам шалдығады. Күзде оған коронавирус та қосылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл күзде коронавирус күшейеді деген болжам бар. Сол кезде жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымы басталады. Соның аясында коронавирустың жаңа толқыны болады деген болжам бар", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, соңғы 5-7 жылдың ішінде Қазақстанда қазан мен наурыз аралығында ЖРВИ мен тұмауға шалдыққандардың жалпы саны 600 мыңнан бастап 1 миллион адамға дейін барған.

"Демек, осы жолы да ЖРВИ мен тұмауға шалдығатындар аз болмайды. Оған коронавирустық инфекция да қосылуы мүмкін", - деп атап көрсетті Қожахмет.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ең пессимистік болжамдар негізге алынады. Соның арқасында денсаулық жүйесін барынша дайындап қоюға мүмкіндік бар.

Дәрі-дәрмек қорына қатысты мәселе қалай шешілуде

Министрліктің ресми өкілі дәрі-дәрмектің қорына да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, "СК-Фармация" ЖШС жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті аймақтарға жіберді. Бұл препараттар орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленеді.

Оқи отырыңыз: Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

Ал  амбулаторлық деңгейде, яғни, үйде ем алатын науқастарға арналған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұмыстары аяқталуға жақын. Ол препараттар 1 миллион пациентке жетеді. Тегін дәрілердің ішінде "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар бар. Бұның барлығы емхана арқылы таратылады.

3159
Кілт сөздер:
тұмау, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды
Министрлік парацетамол орнына қолдануға болатын дәрілер тізімін жариялады
Цой: солтүстік жарты шарда тұмау ауруы белең алып барады
Дәріхана, архивтегі сурет

Министрлік тегін дәрі алу үшін не істеу керек екенін айтты

77
(Жаңартылды 17:43 10.08.2020)
Коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққан пациенттерге дәрі-дәрмектің бір айлық қоры сатып алынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы тегін дәрілерді тарату мерзімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, амбулаторлық деңгейде, яғни, үйде ем алатын науқастарға арналған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұмысы аяқталуға жақын. Ол препараттар 1 миллион пациентке жетеді. 

"Мұндай шаралар алғаш рет қабылданып отыр. Вирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз, тіркелген емханаңызға қаралуға болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыз. Барлық емханада қажетті дәрі-дәрмек бар және тегін беріледі", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, аурудың алдын алуға арналған "Парацетамол", "Ибупрофен", сондай-ақ, тағы үш коагулянт аптаның соңына дейін барлық емханаға жеткізіледі. Кейін ол дәрілер науқастарға тегін таратылады. 

Айта кетейік, 15 шілдеде денсаулық сақтау министрлігі жанындағы бірлескен комиссия клиникалық хаттаманың 10-шы редакциясына тағы түзету енгізді. Дәрігерлер "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир"  сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдапты. Себебі шетелдік ғалымдар бұл дәрілерді коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келген. 

Соңғы хаттамаға коронавирустан амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу үшін дене қызуын басатын дәрілер мен инъекциялық емес антикоагулянттар да қосылды. Олардың ішінде "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар бар. Үйде емделетін науқастар үшін осы дәрі-дәрмектің бәрі тегін таратылады. Ал барлық шығын медицининалық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, ауруханада емделетін науқастар үшін де ем-дом бар. Коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққан пациенттерге дәрі-дәрмектің бір айлық қоры сатып алынды. 

"Қазіргі кезде осы жұмысқа жауапты бірыңғай дистрибьютор ("СК-Фармация" ЖШС - Sputnik) жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті аймақтарға жіберді. Бұл препараттар орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленуде. Атап айтқанда, стационарда 200 мың науқасты емдеуге жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі жеткізіледі", - деп атап көрсетті Қожахмет.

77
Кілт сөздер:
денсаулық, дәрі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19: денсаулық министрлігі жағымды жаңалықты бөлісті
Қауіпті синдром – балаларда анықталып жатқан дерт туралы ақпарат жарияланды
Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады
Алматыда тағы бір модульді аурухана салынып жатыр
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

0
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

0