Қоғам

Сағынтаев "7-20-5" бағдарламасына қатысты Ұлттық банкке тапсырма берді

© Sputnik / Болат ШайхиновПремьер-министр Бақытжан Сағынтаев
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа ипотекалық бағдарлама өткен айдың басында іске қосылды

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевке "7-20-25" бағдарламасы туралы халыққа ақпарат беріп отыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Пәтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25" бағдарламасынан кейін баспана қымбаттай ма?

Айта кетсек, мемлекет басшысы ұсынған "7-20-25" бағдарламасы маусым айының басында іске қосылды. Бағдарлама шартына сәйкес, бастапқы жарна – 20 процент, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7 проценттен аспайды, ал ипотекалық несие 25 жылға беріледі. 

"Бағдарлама нысаналы мемлекеттік қаржыландыруды талап етпейді және қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында алғашқы қарыздар беріле бастады", — деді ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев үкімет отырысында. 

Үкімет басшысы Ақышевке БАҚ-қа ипотекалық несиелер туралы ақпаратты ұсынып отыруды тапсырды.

"Алғашқы кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті мәліметті беріп отыруыңызды сұраймын. Өйткені бәрі бағдарламаның қалай жүріп жатқанын қарап отыр", — деді Сағынтаев.

Жаңалықтар
0