Ақша

Қазақстанда кәдімгі қағаз ақшадан жұқпалы дерт тарап жатыр

1481
(Жаңартылды 18:21 15.07.2018)
Күнделікті қолданыстағы қағаз ақша қауіпті ауру жұқтыруы мүмкін

АЛМАТЫ, 15 шілде — Sputnik. Алматыда дәрігерлер менингит пен туберкулез сияқты аса қауіпті жұқпалы дертті таратушы бактериялар қағаз ақшадан табылды деп дабыл қағады, деп хабарлайды КТК.

Күнделікті гигиенаның сақталмауы салдарынан көзімізге көрінбейтін қауіпті заттар адам организміне еніп, соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы әбден мүмкін екен.  

"Ақша — қолдың кірі" деген тегін айтылмаса керек, күнкөрісте өзіміз пайдаланып жүрген банкноттарда бактерия мен жұқпалы дерт қоздырушылар көптеп табылады. Ал неғұрлым ескі ақшада соғұрлым бактерия көп болады екен. Мамандар дәлледегендей, бір қағаз ақшаның өзінде 500-ден аса микроағза кездеседі. Онымен қоймай, банкноттағы бактериялар аса өміршең болады. 

Ақшаның  осындай қаупі туралы алматылық дәрігерлер халыққа ескерту жасады. 

"Көп адамдар ойланбастан ақша санаған кезде ауыздарына саусақтарына салып, түкіріп, жатады. Бұл адамдарда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі өте жоғары. Бацилла, стрептококк, ішек таяқшасы… Банкноттарда өте жиі кездесетін бактериялар осылар", — дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Алмаш Ахметова.

Ақшаны мекеніне айналдырған бұл микроағзалар адамға фарингит, менингит, өкпе қабынуы, туберкулез сияқты ауру жұқтыруы ғылыми тұрғыда дәлелденді.

Қазақстандағы менингит індеті

1481
Кілт сөздер:
жұқпалы аурулар, ақша, Алматы
Тақырып бойынша
Қырғызстаннан әкелінетін қауіпті азық-түліктер анықталды
Қазақстандық балық консервісінен қауіпті зат табылды
Ғалымдар көп ұйықтаудың неге қауіпті екенін айтты
 Архивтегі фото

Алматы Ұланбатыр арасында әуе рейсі ашылды

53
Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы – Ұланбатыр бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және "Хунну эйр" әуе компаниясының басшылығымен бірге Алматы – Ұланбатыр әуе қатынасын ашу туралы конференцияға қатысты.

"Елші Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтады. 2019 жылдың 10 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен екі елдің премьер-министрі арасындағы келіссөздер барысында көтерілген әуе қатынасын ашу жөніндегі келісімнің орындалғанын айтты", - делінген ақпаратта.

Бұл әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік саладағы байланыстың қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Айта кетейік, 28 қыркүйекте "Хунну эйр" әуе компаниясының ұшағы "Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр" бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады.

Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады.     

53
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын ашқан жоқ – ҰҚК
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Министр Мырзағалиев "Алтынемелде" түсірілген видеоны жариялады

2623
(Жаңартылды 18:53 28.09.2020)
Орта Азияда сирек кездесетін қар барысы көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді, дейді экология министрі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында "Алтынемел" ұлттық паркінде алғаш рет қар барысы видеоға түсірілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Министр Twitter парақшасында қар барысының фото және видеосын жариялады.

"Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді", - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. Жануар жоғалып кетудің алдында тұр.  

"Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шара қабылдап, жүзеге асырады", - деп жазды Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатылған.

2623
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды – жантүршігерлік видео
Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео
Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді
Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды
Ребенок у окна, архивное фото

Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

0
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баланы сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

2020 жылдың наурызында Ақтөбе облысындағы "Шағала" шипажайының 58 жастағы тәрбиешісі баланы сүлгімен ұрып-соққаны жария болған еді. Сол жердегі баланың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, ал оны ата-анасы әлеуметтік желіде жариялады. Бұл шипажайда туберкулезбен ауыратын балалар оңалтудан өтеді.

Видеода балалардың еденде отырғанын, ал ақ халат киген әйелдің бір баланы сүлгімен ұрғанын көруге болады. Бала жыласа да, әйел оны бірнеше рет ұрған. Басқа балалар да "бізді аяқ киіммен де ұрады" дейді.  

Видео жарияланғаннан кейін шипажайға полиция мен прокуратура қызметкерлері барған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті 

Тергеу барысында тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, бала тәрбиешіге тіл тигізген. Содан ашуланып, сүлгімен сабай бастаған.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал шипажайдың хабарлауынша, баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылған.

0
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тәрбиеші
Тақырып бойынша
Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Студент тәрбиешінің балаларды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео