Қоғам

Ерке Есмаханның имам ағасы қарындасының киім киісіне қатысты пікір айтты

© Photo : GAKKU TVЕрке Есмахан
Ерке Есмахан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бауыржан Есмаханның айтуынша, қарындасы ашық-шашық киінбей-ақ, халықтың махаббатына бөленуге болатынын дәлелдеп жүр

АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан қазақ эстрадасында жүрген қарындасы, әнші Ерке Есмаханның киім киісіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Халықтың еркесіне" айналып кеткен әнші Ерке Есмахан –  ашық-шашық киінбейтін, ұзын көйлектерді құп көретін жұлдыздардың бірі. Өнердегі қарындасының киім киісіне қатысты ойын айтқан наиб мүфти "Ерке ашық-шашық киінбей-ақ, халықтың ыстық ықыласына бөленуге болатынын дәлелдеп жүр" дейді. 

"Менің де үлесім бар деп ойлаймын, бірақ шындығына келгенде, ол өзінің сана-сезімі. Кейбір кезде маған келіп айтады: мен эстрадада жүрмін, әртүрлі киім киюіме болады, бірақ, көбінесе ұзын киемін деп. Енді шашын жаба алмай жүр, бірақ ол бөлек мәселе…Ол ашық-шашық киінбей-ақ, өнерде жүріп, танымал болып, халықтың махаббатына бөленуге болатынын дәлелдеп жүр", — дейді Бауыржан Есмахан Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұқбатында. 

Ерке Есмахан Қайда? әнінің жалғасын түсірді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ерке Есмахан мен Ернар Айдар салық төлемей жүр

Ол қарындасының өнерде жүргеніне қарсы еместігін, керісінше оған үнемі қолдау көрсететінін атап өтті. 

"Әрине, қарсы емеспіз, оны қолдап отырамыз. Әкем де, шешем де намаз оқитын қажы кісілер. Әрдайым батасын беріп, дұға жасап, тілеуін тілейді. Менің әкем Ақтөбе қалалық қазақ тілі қоғамының төрағасы, яғни тіл саласында, мен өзім дінде, қарындасым – өнерде. Үшеуміз үш салада жүрміз", — деп күлді наиб мүфти. 

Сондай-ақ ол өнерде жүріп те, имандылықты ұмытпай, бес парызын орындап жүрген қыз-жігіттердің көп екенін тілге тиек етті. 

"Мен енді қарындасыммен шектелмей-ақ қояйын. Өнерде жүріп, қажылыққа барып келген қыз-жігіттер қаншама. Мәселен, мен қаншама қыз баланы білемін, сыртынан қарасаң, орамалы жоқ, намаз оқиды деп те ойламайсың. Ал негізі үңіліп қарасаң, жасырын мешітке кіріп, орамалын тағып, намазын оқып кетеді. Немесе үйіне барғанда, орамалын тағып, намаз оқиды. Сондықтан сыртқы көрініс кейбір кезде алдамшы болуы да мүмкін", —деді әншінің ағасы. 

Тағы оқыңыз: Қыдырәлі мен Қарақат Астанада коттедж тартып алды деп айыпталды

Бауыржан Есмахан қарындасының жаңа әндерін үнемі тыңдап, бейнебаяндарын қарап жүретінін жасырмады. 

"Қарап отырамын. Кей кезде пікірімді айтамын, өзі де сұрап жатады арасында. Бірақ, көбіне шешетін өзі, бүге-шігесіне дейін араласпаймын. Жолдасым – ұстаз, кейбір кезде сол кісімен сырласады. Ән айтып, өнер адамы боп жүргенімен, өзінің бөлек имани ұстанымы да бар. Соны білгеннен кейін, біз көп үндемейміз. Ол қазір менің әке-шешемнің қызы, менің қарындасым емес, халықтың Еркесі болып кетті ғой", — деп түйіндеді ол.

Төреғали Төреәлі Алтынбек Қоразбаевтың көңілін неге қалдырды?

Роза Рымбаева ренішін жайып салды

Айгүл Иманбаева Димаш туралы не ойлайтынын айтып берді

Жаңалықтар
0