Нұра

Ильин 8 адамның өмірін жалмаған Нұра-Есіл арнасы туралы пікір білдірді

47
(Жаңартылды 20:31 19.07.2018)
Астанадағы Нұра-Есіл арнасында бір ай ішінде 8 адам суға кетті

АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Су қоймаларын қоршау мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұл мәселені шешпейді, деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Бұған дейін Астанадағы Нұра-Есіл арнасында суға шомылуға кеткен төрт жасөспірімнің қаза тапқан болатын. Сондай-ақ 14 шілде күні 43 жастағы әйел мен оның екі қызы кілем жуып жатып, суға батып кетті. Ал бүгін таңғы бесте тағы бір кішкентай баланың денесі судан шығарылған.

Қарындастарын құтқармақ болған жасөспірім батып кетті

"БАҚ беттерінде арнаны жабу, оны темірмен қоршау туралы ақпараттар тарап жатыр. Бірақ су қоймаларын қоршау мүмкін емес және бұл қажет те емес. Бұл ешқандай мәселені шешпейді. Ең алдымен, ата-аналар балаларды көзден таса қылмай, жауапкершілік танытып, қадағалап отыруы керек", — деді Ильин. 

Ол барлық су қоймасын жауып, әрбірінің маңына бақылаушы қою физикалық тұрғыдан мүмкін еместігін атап өтті.

Қаскелеңде әйел адам селфиге түсемін деп суға кетті

47
Кілт сөздер:
шомылу маусымы, зардап шеккендер, суға кету, Ішкі істер министрлігі, Нұра өзені, Астана
Тақырып бойынша
Баянауылда катамаранға отырған екі жасөспірім суға кетті
Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті
Алматы облысында бір үйдің екі баласы каналға батып кетті
Атырау облысында балық аулауға барған жасөспірім суға батып кетті
Павлодар облысында бір балықшы суға батып кетіп, төртеуі құтқарылды
Загрузка...