Қоғам

"Денис Қазақстанның нағыз патриоты еді" Назарбаев Теннің отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматылықтар Денис Тенге шабуыл жасалған жерге гүл апарып жатыр
Алматылықтар Денис Тенге шабуыл жасалған жерге гүл апарып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы бүгін Алматыда пышақ жарақатынан көз жұмды

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын" Димаш Құдайберген Теннің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты оның отбасына көңіл айтты.

"Қазақстанның белгілі спортшысы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Юрьевич Теннің қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қазаға байланысты көңіл айтамын", — делінген жеделхатта.

Денис Тен мәнерлеп сырғанаудың отандық мектебін қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан спортын жоғары деңгейде ілгерілетуге зор үлес қосты. Оның жарқын жетістіктері еліміздің абыройын асқақтатып, жастар арасында спортты дәріптеуге септігін тигізді.

"Таланты әлемнің көптеген елдерінде мойындалған Денис даңқты спортшы ғана емес, сондай-ақ бітімі ерекше тұлға, Қазақстанның нағыз патриоты еді. Денис Юрьевич Теннің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

Денис Теннің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы

Бүгін күндіз Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалды. Автокөлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді тоқтатпақ болған спортшы пышақ жарақатын алған еді. Спортшы ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін Денис Тен ауруханада көз жұмды.

"Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Спортшыға шабуыл жасаған екі адамды полиция іздеп жатыр.

Жаңалықтар
0