Геннадий Головкин

Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"

930
(Жаңартылды 18:01 22.07.2018)
Денис Тен 19 шілдеде сағат 17.30-да пышақ жарқатаынан көз жұмды. Спортшы 25 жаста еді

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Аты әлемге әйгілі қазақ боксшысы Геннадий Головкин мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтты.

"Сен мәңгі жадымызда қаласың", — деп жазды Головкин Instagram парақшасында.

Головкиннің жанкүйерлері боксшының амандығын тілеп жатыр.

Денис Тен 19 шілдеде Алматыда 25 жасында көз жұмды. Түстен кейін үш кезінде Байсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан ол көлігінің айнасын шешіп алғалы жатқан екі жігітті көреді. Оларды тоқтатуға ұмтылған Денис Тен жамбасынан пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, 3 литр қан жоғалтқан Денис 17.30-да ауруханада жан тапсырды.

Полиция бастапқыда 106-шы (қасақана денсаулығына ауыр зиян келтіру) және 192-ші (қарақшылық) баптар бойынша қылмыстық іс қозғап, мәнерлеп сырғанаушы көз жұмғаннан кейін 99-бапқа (кісі өлтіру) алмастырды. Денис Тенді өлтіру ісін тергеуді ішкі істер министрлігі басшылығы жеке бақылауына алған. 

Қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ, бірақ бақылау камераларына түсіп қалған. 

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген.

Алғашқы ірі жеңісіне Денис Тен 12 жасында қол жеткізді: 2006 жылы Қазақстанның чемпионы атанды. Он үш жасында Голландияда жасөспірімдер арасындағы гран-приде үздік ондық қатарына кірді. Мәнерлеп сырғанаушының қоржынында жоғары деңгейлі халықаралық жарыстарда ұтқан жүлдедер бар — Haabersti Cup және Dragon Trophy.

Денис Тен өмірінің соңғы күні немен айналысты

Екі жыл өткен соң Мәскеуде Ресей кубогында бірінші орын иеленеді. Сол маусымда Денис төрт құрлық чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп, тоғызыншы орынға табан тіреді. Бір жылдан соң, 2009  жылы Лос-Анджелестегі әлем чемпионатында биік шыңнан көрініп, спортшы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Ванкувердегі Олимпиада ойындарына жолдама алған.

2010 жылғы Қысқы Олимпиадада ерлер арасындағы біріншіліктің ең жас қатысушысы бола тұра, 11-орынға ие болды. Сол жылы жаңа бапкері Фрэнк Кэроллдың жетекшілігімен жаттығу үшін Лос-Анджелес қаласына көшті.

Назарбаев Денис Теннің отбасына көңіл айтты

2011 жылы ақпанда Алматыда өткен Азиадада Денис алтын жүлдегер атанды. Сол жылы Франциядағы әлем чемпионатында екі бағдарлама қорытындысы бойынша өз рекордын жаңартып 229,70 балл жинап, жетінші орын алды. 2013 жылы Канададағы әлем чемпионатында Тен Қазақстан қоржынына күміс жүлде салып, әлем біріншілігінде мәнерлеп сырғанаудан медаль ұтқан алғашқы спортшы болды.

Теннің еңбекқорлығы, дарыны мен шеберлігін шыңдауға деген ұмтылысына КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері Татьяна Тарасова да тәнті болатын. Осы қасиетінің арқасында Денис 2013 жылы Сочидегі Олимпиадада қола жүлде иеленді. Сол кезде 20 жасар Тенге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілген.

Денис Тен шығармашылық бастауының арқасында Қазақстанға әлемге әйгілі спортшыларды шақырып, жоғары деңгейде мәнерлеп сырғанау шоуын ұйымдастыра білді.

Денис Теннің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы

Астананың жиырма жылдығына арналған "Денис және достары" атты соңғы шоуында Тен мұз айдынының басты жұлдызы ғана емес, қоюшы режиссері, музыкалық композицияның авторы әрі видеографы болды.

930
Кілт сөздер:
қаза, мәнерлеп сырғанаушы, көңіл айту, қайғылы оқиға, қазақ боксшысы, Денис Тен, Геннадий Головкин
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео жарияланды
Дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмады?
Денис Тенді жерлеу рәсімін билік ұйымдастырады
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден фото жарияланды
Денис Тен ауруханада көз жұмды
Денис Тенді кім пышақтағаны белгілі болды
Загрузка...