Оқулықтар

Бекшин оқулықтардың салмағы қанша болуы керек екенін айтты

217
(Жаңартылды 21:00 23.07.2018)
Бастауыш сынып оқулықтарының салмағы 300 грамнан, ал жоғары сынып оқулықтары 600 грамнан аспауы тиіс

АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин жаңа оқу маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бекшин жаңа оқу жылына дайындалып жатқан ата-аналарға мектеп сөмкесіне қатысты кеңес берді.

"Мектеп сөмкесін немесе рюкзагын таңдаған кезде, гигиеналық талаптарды сақтау қажет. Ең алдымен, ортопедиялық арқалығы қатты сөмкені таңдаған жөн. Арқаға асып алатын кең иықбаулары болуы керек. Иықбау жұмсақ матадан жасалғаны абзал. Сөмкенің салмағы мен көлемі баланың бойы мен жасына сәйкес болуы керек. Бос сөмкенің салмағы 1 келіден аспау керек", — деді ол.

Биыл оқушылардың сөмкесі жеңілдей ме?

Бас санитарлық дәрігер оқулықтардың салмағына баса мән берілетінін атап өтті. Осы орайда ол қазақстандық оқулықтардың салмағы қанша болуы керектігіне тоқталды. 

"Оқулық салмағы әр оқушы үшін маңызды. 1-4 сынып, яғни бастауыш сынып үшін әр оқулықтың салмағы 300 грамнан 5-6 сынып үшін – 400 грамнан, 7-9 сынып оқушылары үшін –  500 грамнан, ал жоғары сыныптар үшін – 600 грамнан аспауы тиіс. Біз оқулық салмағына қатысты мәселені үнемі бақылауда ұстап отырамыз", — деді Бекшин.

Оның айтуынша, өткен жылы "Алматы кітап" баспасы әзірлеген екі оқулықтың салмағы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеген.

"Бұл қазақ тілінде оқытатын 1 сыныпқа арналған "Орыс тілі" оқулығы, салмағы – 402 гр, ал норма бойынша –  300 гр. Екіншісі орыс тілінде оқытатын 1 сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығы, салмағы – 424 гр, норма – 300 гр. Біз бұл баспаны тексерген кезде, аталған оқулықтар санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өтпегені және санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының жоқ екені анықталды. Сондықтан "Алматы кітап" баспасына оқулықтың салмағына қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы санитарлық нұсқама берілді. Одан кейін бұл оқулықтар салмақты сәйкестендіру үшін екіге бөлінді. Ал баспаның сауда бойынша қызметі 1 айға тоқтатылып, әкімшілік шаралар қолданылды", — деді Бекшин.

Білім министрлігі "Орыс тілі" оқулығының кемшілігін жөндеуге уәде берді

Алматы мен Астанада жаңа пән пайда болуы мүмкін

217
Кілт сөздер:
білім беру, оқу бағдарламасы, оқулықтар, оқушылар, мектеп, Жандарбек Бекшин
Тақырып бойынша
Еліміздің мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі
Мектеп түлектері ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады
"Биыл соңғы рет" Енді сырттай оқу деген болмайды
Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ-дан кемінде қанша балл жинау керек?
Сағадиев қандай оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылатынын айтты
Ауа райы

"Кей жерлерде аяз түседі": алдағы үш күнге ауа райының болжамы

2
Апта соңына қарай жауын-шашын біртіндеп тоқтағанымен, республиканың оңтүстік-шығысында кей жерлерде аяз сақталады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек - Sputnik. Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа-райының күрт өзгеретінін болжады. Елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбырдың соңы аязға ұласады.

"Аптаның ортасынан бастап Атлантикалық циклон Қазақстанның солтүстігі мен шығысына әсер етуін жалғастырады. Сондай-ақ, күзгі салқын ауа-райы жауын-шашын мен жел күшейеді. Ал апта соңына қарай елдің басым бөлігінде ауа-райы батыс антициклонмен анықталады және жауын-шашын біртіндеп тоқтайды деп болжанды. Елдің оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде аяз түседі", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Құрғақ және жылы ауа-райы елдің батыс өңірінде ғана сақталады.

24 қыркүйекте мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда жаңбырлы ауа-райы сақталады, күндізгі температура: +7 .. + 9 ° C, түнде: +1 .. + 3 ° C. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с, күндіз екпіні 15-20 м / с жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, жаңбыр күтілмейді. Температура түнде: +8 .. + 10 ° C, күндіз: +21 .. + 23 ° C.

Шымкентте бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +8 .. + 10 ° C, күндіз: +21 .. + 23 ° C болады. Желдің жылдамдығы: 8-13 м / с.

Күзде ауа-райы қандай болады

Бұған дейін Қазгидромет қыркүйекке арналған ұзақ мерзімді болжамын жариялаған болатын.

Синоптиктердің айтуы бойынша, айдың бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде температураның төмендеуі байқалды. Ал енді айдың соңына қарай мұндай ауа райы елдің оңтүстік облыстарында қалыптасады.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжанды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанайдың солтүстігінде, Алматының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жиі жауады. Ал Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облысы мен Қарағанды ​​облысының батысында нормадан аз түседі.

2
Дәлізде жүрген дәрігерлер

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

49
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжіліс депутаттарына президенттің коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем төлеу туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде есеп береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен Зәуреш Аманжолова үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлемнің уақытылы төленбеу мәселесін қозғады.

Депутат денсаулық сақтау министрлігінің деректерін келтірді. Оған сүйенсек, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен, бұл ауырғандардың жалпы санының 19%-ін ғана құрайды. Ал біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3%-не төленген.

"Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу жұмысы мүлде нашар. Бүгінге дейін індеттен 197 медицина қызметкері көз жұмса, денсаулық сақтау министрлігінен төлемге тек 38 өтініш қана түскен. Ал өтемақыны алғандар саны небәрі – 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 12,7%-і", – деді Аманжолова.

Оның айтуынша, министрлік қызметкерлерінің баяулығынан президенттің тапсырмасы дер кезінде орындалмай жатыр.

"Денсаулық сақтау және еңбек министрліктері өзара іс-қимыл алгоритімін уақытылы пысықтамаған. Салдарынан осындай проблемалар туындап отыр. Осы айтылғандарды ескеріп, сізден бұл мәселені жеке бақылауға алуды сұраймыз", – деді депутат.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақын арада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы мәселе бойынша мәжіліске шақырылатынын айтты.

"Келіп есеп берсін. Президенттің тікелей тапсырмасы жарты жыл бойы орындалмай жатыр. Бұған не себеп? Медицина қызметкерлері алғы шепте жүрді, қиын жағдайда жұмыс істеді. Біреулерінің денсаулығы сыр берді, енді бірі қайтыс болды. Ал тапсырма әлі орындалған жоқ. Таяуда Nur Otan фракциясы министрді шақырып, осы мәселені қарастырады", – деді спикер.

Оқи отырыңыз: 51 медицина қызметкері COVID-тан көз жұмды – 10 млн теңге қалай беріледі 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 30 наурызда COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырды.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін 9 сәуірде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем төлеу тәртібі туралы бірлескен бұйрығы шықты.

49
Кілт сөздер:
сақтандыру өтемақысы, өтемақы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілді
Еңбек министрлігі төлемдерге қатысты ақпарат берді
Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді
Індет жұқтырған 1 364 медицина қызметкеріне өтемақы төленді – министрлік
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды