Кісен

Денис Теннің өлімі: Арман Құдайбергеновтің 10 күн бұрын Астанада ұсталғаны рас па?

180
(Жаңартылды 12:41 26.07.2018)
Ішкі істер министрлігі спортшының өліміне күдікті Арман Құдайбергеновтің он күн бұрын Астанада ұсталғанын растады

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Денис Тенді өлтірді деген күдікті Арман Құдайбергенов шілде айында Астанада ұсталған. Бұл ақпаратты бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Расында да Арман Құдайбергеновті астаналық патрульдік бекет жасағы  шілде күні көлік айналарын ұрлау үстінде ұстаған. Оған қатысты заңға сәйкес, жеделдетілген процедурада сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Бұл процедура бойынша тергеу 15 күнде жүруі тиіс және бұлтартпау шарасы ретінде тіркеліп тұру шарасы қолданылған. Тіркелу міндеттемесі күдіктінің қалаларға баруына шектеу салмайды, тек белгіленген уақытта келіп тұрса жеткілікті”, — деді Жақыпов ішкі істер министрлігінде өткен арнайы брифингте.

Министр Қасымов отставкаға кете ме?

Айта кетсек, 21 шілде күні "Время" басылымында өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновке қатысты атышулы мақала жарияланған еді. Редакцияға тұрғыны жүгініп, Денис Тенге шабуыл жасағандардың бірі Арман Құдайбергеновті танитынын айтқан. Ер адамның айтуынша, 11 шілде күні Құдайбергенов Астанада оның көлігінің айнасын ұрламақшы болып, қылмыс үстінде ұсталған. Сөйтіп Алматы ауданының ішкі істер бөліміне жеткізілген. Тыңдау елорданың Алматы аудандық сотында өтуі тиіс болған. Белгілі болғандай, ұрлықшы ешқайда шықпау туралы қолхатпен қамаудан босатылған. Алайда Алматыға кетіп, көлік тонаумен айналысқан.

Денис Теннің өліміне сот кінәлі ме?

180
Кілт сөздер:
ұстау, тергеу амалдары, күдікті, тонаушылық, кісі өлтіру, сот, Ішкі істер министрлігі, Денис Тен, Астана, Алматы
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты
Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалім жұмыстан қуыла ма?
Денис Теннің қазасы: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді
Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)
Желіде Денис Теннің әні жарияланды
Денис Тенді өлтірді деген күдікті оқиғаның қалай болғанын көрсетті - видео
Загрузка...