Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Sputnik Қазақстан тілшісімен сұқбаттасып отыр

Балғынбек Имашев айтыста ұтқан көліктері мен үйлері туралы айтты

863
(Жаңартылды 15:38 29.07.2018)
Имашевтің айтуынша, қазір айтыс көптеген ақынның күнкөріс көзіне айналды

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев айтыстың арқасында екі баспанаға қолы жетіп, 15 шақты темір тұлпар ұтып алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазір "рекордсменка" Айнұр (Тұрсынбаева – Sputnik) болып тұр, қателеспесем 36 көлік. Аманжол да (Әлтаев – Sputnik) да соның маңайында, отыздың ар жақ-бер жағы. Біз енді ондай көп көлік ұтқан жоқпыз, бірақ, Аллаға шүкір, айтыстағы олжаларым аз емес. Бірінші, әрине ол халықтың ықыласы, махаббаты. Айтыстағы абыройдың әсері ғой, жай біреудің үйіне қонаққа барсақ та, қой сойып, ат мінгізіп жібереді. Бұл енді айтыстың сыртындағы жүлделер. Ал айтыстың өзінде он бес шақты темір тұлпар тізгіндедім. Айтыстың арқасында екі рет баспаналы болдым", — деді ақын "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Астананың мемлекеттік қызметшілері үшін ұйымдастырылған шығармашылық кеште.

Имашев айтыстың көптеген ақынның күнкөрісіне айналғанын атап өтті.  

"Әншілер қазір ән айтқаннан гөрі, тойдан көбірек пайда табады. Сол сияқты айтыс та ақындар үшін күнкөрістің бір көзі болып қалды", — деді ол.

Балғынбек Имашев Теннің өліміне қатысты пікір білдірді

863
Кілт сөздер:
көлік, айтыскер ақын, айтыс, Балғынбек Имашев
Тақырып бойынша
Жүрсін Ерман Елбасыға: айтыс ақындарының арқасынан қағып қойсаңыздар
Айнұр Тұрсынбаева: айдаладағы жезөкшелерді неге насихаттауым керек?
Мұхамедиұлы: Жүрсін Ерманмен бірге айтыс өткізуді жоспарлап отырмыз
Загрузка...