Полиция

Астанада 400 полицей автокөлік базарларын тексеріп жатыр

190
(Жаңартылды 12:26 28.07.2018)
Денис Теннің өлімінен кейін полиция автокөлік базарларын тексеріп, ұрланған қосалқы бөлшектерді іздеуге көшті. Бүгін елорданың төрт жүзге жуық тәртіп сақшысы Астананың базарларына келді

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Астана полицейлері екі автокөлік базарында "Сатып алу" жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне қалалық ішкі істер департаменті криминалды полиция басқармасының басшысы Дмитрий Демидов мәлімдеді.

Шараның мақсаты – автокөліктің қосалқы бөлшектерін ұрлаудың алдын алу. Демидовтың айтуынша, мұндай шаралар үнемі әрі тұрақты өткізіліп тұрады. 

"400-ге жуық қызметкер жұмылдырылды, Астанадағы екі ірі базар тексеріліп жатыр. Олар "Титан-Авто" және "Көктал", — деді Демидов.

Шара барысында тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге ұрланған затты сатып алу туралы бап пен бұрын қолданыста болған затты сатып аларда неге мән беру керектігін түсіндіруде.

Қазіргі таңда полицейлер базардан табылған тауарларды бұған дейін ұрланған заттардың тізімімен салыстыруда. Табылған дөңгелектер, шам, әйнек, айна мен тағы басқа бөлшектер түрі мен көлемі жағынан ұрланған заттарға ұқсайды. 

"Бұл заттарды біз жәбірленушілердің өздеріне көрсетеміз", — деді Демидов.

  • Астананың автокөлік базарларын тексеру
    Астананың автокөлік базарларын тексеру
    © Photo : предоставлено пресс-службой ДВД Астаны
  • Астананың автокөлік базарларын тексеру
    Астананың автокөлік базарларын тексеру
    © Photo : предоставлено пресс-службой ДВД Астаны
  • Астананың автокөлік базарларын тексеру
    Астананың автокөлік базарларын тексеру
    © Photo : предоставлено пресс-службой ДВД Астаны
  • Астананың автокөлік базарларын тексеру
    Астананың автокөлік базарларын тексеру
    © Photo : предоставлено пресс-службой ДВД Астаны
1 / 4
© Photo : предоставлено пресс-службой ДВД Астаны
Астананың автокөлік базарларын тексеру

Бұған дейін осындай профилактикалық шара "Жібек жолы" мен Car City базарларында жүргізілген болатын.

Ұрланған қосалқы бөлшектеді сату мәселесі қазақстандық спортшы өлімінен кейін көтерілді. 19 шілде күні мәнерлеп сырғанаушы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлердің үстінен түскен. Арада жанжал шығып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алды. 3 литр қан жоғалтқан спортшы екі сағаттан соң, кешкі 17:30-да ауруханада көз жұмды.

Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші күдікті кім?

Балғынбек Имашев Денис Теннің өлімі туралы: қазақ өлтірді деп намыстанудың жөні жоқ

190
Кілт сөздер:
тексеру, базар, автокөлік, полиция, Астана
Тақырып бойынша
Денис Теннің туыстары Алматы тұрғындарына үндеу тастады
Ауылдастары Денис Тенді өлтірді деген Арман Құдайбергенов туралы айтып берді
Қазақстан полициясы Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрай ма?
Денис Теннің өлімі: Арман Құдайбергеновтің 10 күн бұрын Астанада ұсталғаны рас па?
Ауызашар дастарқаны

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

8
Діни басқарма өкілінің айтуынша, Рамазан айынан қалған қарыз күндерді арасын үзбей де, бөліп те ұстауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қаза оразасы барлар өзі тұратын елді мекеннің намаз кестесін басшылыққа алуы тиіс. Әдеттегідей таң намазы басталғанға дейін ас-суын ішіп, шам намазы кірген уақытта ауыз ашады.

Рамазан айынан қалған қарыз күндерді арасын үзбей де, бөліп те ұстауға рұқсат етілген.

"Қаза оразаны мүмкіндігінше тездетіп ұстап біткен абзал. Алла Тағала Құранда ауырып қалып немесе сапарға шығып, белгілі бір себептермен ораза ұстай алмайтын болса, оны кейінгі күндерге қалдырсын дейді. Егер денсаулығына байланысты қаза оразасын ешқашан өтей алмайтын болса, онда ол адам підия төлейді. Підия дегеніміз – бір адамның таңғы және кешкі тойып ішетін тамағы. Биыл оның ақшалай мөлшері шамамен 1700 теңге", - деп түсіндірді Медет Құрмашұлы.

Яғни, қаза оразаны ұстауға шамасы келмегендер мұқтаж жандарды тамақтандырады немесе ақшалай береді.

Басқарма өкілі қарыз күндерді келесі Рамазан айына дейін ұстап біткен абзал дейді. Ал егер келесі ораза келіп қалып, адам қарызын әлі өтеп бітпесе, онда келесі оразаны ұстай береді. Қаза күндерін Рамазан айы аяқталған соң бір-ақ өтейді.

Сонымен қатар, Медет Құрмашұлы Рамазан айының артынан келетін Шәууәл айына да тоқталды. Бұл ай, әдетте, отыз күнге созылады.

Тағы оқыңыз: Қадір түнінде бір топ жігіт Әзірет Сұлтан мешітінің алдына жиналды

"Шәууәл айында адамдар алты күн ораза ұстайды. Бұл нәпіл ораза деп аталады. Алты күндік оразаның сауабы өте мол. Нәпіл ораза ешкімге міндет емес, ұстау-ұстамау әркімнің өз еркінде. Яғни, нәпіл оразаны ұстамағандар күнәһар болмайды", - деді бөлім маманы.

Ол алты күндік оразадан бұрын қаза оразаны бірінші ұстап өтеуге кеңес берді.  

"Қаза ораза мен нәпіл оразаға ниет етудің арасында айырмашылық бар. Қаза оразаға түннен бастап ниет қылу керек. Ал нәпіл оразаға бесін намазына бір сағат уақыт қалғанға дейін ниет етсе болады. Қаза оразаны өтеген кезде, түнде ауыз бекітуді ұмытып, таңертең тұрып ниет қылу дұрыс емес. Түннен бастап ниет ету міндет", - деді басқарма өкілі.

Айта кетсек, биыл коронавирус індетіне байланысты Рамазан айы елдегі төтенше жағдай режимімен тұспа-тұс келді. Республикада барлық мешіт жабылып, жамағатпен оқылатын намаздарға тыйым салынды. Қазақстандықтарға қасиетті Қадір түнін де үйде қарсы алуға тура келді. Вирустың таралуына жол бермеу үшін мешіттерде Ораза айт намазы оқылған жоқ. 

8
Кілт сөздер:
қарыз, Ораза
Алакөл көлі

Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыздар қатынайды

30
"Қазақстан темір жолы" компаниясы курорт бағытына сұраныс өскен жағдайда қосымша вагондар бөлуге дайын

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Алакөл көліне дейін баратын пойыздарға билет сатыла бастағанын хабарлады.

2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады:

  • №22/21 "Қызылорда – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Алматы – Достық" пойыздарының вагондары;
  • №121/122 "Нұр–Сұлтан – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Нұр-Сұлтан – Достық" пойыздарының вагондары;

12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы жүреді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда блокбекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады

Бұдан бөлек, осы бағытқа жоғары сұранысты және эпидемиологялық ахуалды ескеріп, Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылуы мүмкін:

  • №13/14 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
  • №258/257 "Нұр-Сұлтан – Достық", аптасына 2 рет;
  • №453/454 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
  • №457/6941//6942/458 "Семей - Шар – Достық", күнара;
  • №459/6941//6942/460 "Өскемен - Шар – Достық", күнара.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы егер Алакөл бағытына сұраныс өссе, қосымша вагондар бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетсек, Қазақстанда жолаушылар пойыздары кезең-кезеңмен қатынай бастайды.

Бірінші кезең 1 маусымда, ал екінші кезең 10 маусымда басталады.

30