Тиын

Садақа берудің осы дүниедегі және ақыреттегі 10 пайдасы

571
(Жаңартылды 10:39 31.07.2018)
Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалған

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілсе де, ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. "Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін" хадисіне сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі.

Садақаның берген адам үшін пайдасы мен сауабы мол. адамға мейірімділікті, нәпсіні тәрбиелеуді үйретеді әрі мал-дүние мен жүректі тазалайды. Ал ақыретте сауапты амал жасау мүмкін болмаған сәтте берген садақасының сауабы жұмаққа жетелейтін болады.

Пенде дүниеден озғанда мал-дүниесі жайында қиындыққа тап болып, жиған-терген дүниесі артында қалғанымен сол үшін есепке тартылатын болады. Ал дүниесінен садақа берсе, есебін беру жеңіл болмақ, деп жазады ummet.kz. 

Өзгеге қол ұшын беру мен садақа берудің ең маңыздысы өзі мұқтаж бола тұра, барын бөліп беруі болмақ.

"Кімде кім адал жолмен тапқан табысынан бір құрмадай садақа берсе, Алла ол садақасын қабыл етеді. Содан кейін оны таудай болғанша, яғни сендерден біреуіңіз тайын өсіргендей иесіне барынша үлкейеді", — дейді. 

Жасаған жақсылығыңыз садақа болуы үшін діни тұрғыдан үш ерекшелікке ие болуы керек:

  • Мұқтаж жанға беру;
  • Алла разылығы үшін берілуі;
  • Берілген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуы тиіс.

Астана қаласындағы "Алланың гүлі" мешітін кім салды

Садақа берудің осы дүниедегі 5 пайдасы

  • Мал-дүниені тазартады;
  • Күнәларды өшіреді: "Су отты сөндіргендей, садақа да күнәларды өшіреді" (Тирмизи). "Садақа тәкәппарлықты жояды" (Тирмизи);
  • Ауру мен апаттан сақтайды: "Науқастарыңды садақамен емдеңдер. Садақа әрбір ауруды және бәлекетті қайтарады" (Бәйхақи риуаяты);
  • "Садақа беруде асығыңыздар. Өйткені апат садақадан оза алмайды" (Табарани, Бәйхақи);
  • Мұқтаж жанды қуантады. Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді.

Садақаның ақыреттегі 5 пайдасы

  • Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады: "Садақа қабір азабынан сақтайды. Қияметте иесін өз қамқорына алады" (Бәйхақи)
  • Тозақтан құтқарады: "Жарты құрма болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар"
  • Таразыда сауабы басым болады;
  • Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;
  • Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.

Садақа беруде шамаға қарап амал еткен жөн. Әбу Бәкірдің қызы Әсма: "Ей, Алланың Елшісі! Жұбайым Зубайрдың берген мәхірінен басқа затым жоқ. Садақа берейін бе?" — деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Шамаңа қарап садақа бер. Дорбаның аузын бума, Алла да сенің ризығыңды буады", — дейді.

Исламда айдың тұтылуы туралы не айтылған?

571
Кілт сөздер:
пайғамбар, ақырет, Алла, ислам діні, садақа, сауап
Тақырып:
Рамазан айы - 2019 (40)
Тақырып бойынша
Қалтадан ақша шығармай қалай садақа беруге болады?
Мешіттер түскен садақа мен қайырымдылық көмек туралы есеп беруге міндеттеледі
Астанада садақа жәшігін ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды
Исламда құлақ тесу туралы не айтылған?
Исламда қандай сөздерді қалжыңдап болса да айтуға болмайды?
Зинақор еркек пен әйелдің жазасы қандай?
Ислам дінінде зинадан да ауыр күнә қандай?
Загрузка...