Қоғам

Прокурор Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеуді және шартты жаза кесуді сұрады

© Sputnik / Айгерім ТаубайСайрагүл Сауытбайдың соты
Сайрагүл Сауытбайдың соты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша сот үкімі бүгін түстен кейін шығады

ЖАРКЕНТ, 1 тамыз — Sputnik, Айгерім Таубай. Бүгін Алматы облысының Панфилов аудандық сотында Қытай азаматы, шекарадан заңсыз өтті деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару мәселесі бойынша сот отырысы жалғасты, деп жазады Sputnik тілшісі.

Қайрат Әбдірахманов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар туралы айтты

Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша сот отырысы таңғы 10.00-де басталды. 

Сот отырысына Сайрагүл Сауытбайға қолдау көрсетуге азаматтық белсенділер, шетелдік және қазақстандық журналистерді есептегенде алпысқа жуық адам келді. 

Отырыстың басында Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан сот төрағасына Сайрагүлге көші-қон полициясы берген пана іздеуші тұлға куәлігін тапсырды.

Кішкентай бала Назарбаевтан Қытайдағы әкесін қайтаруды сұрады

Отырыс барысында прокурор Арзыгүл Имярова Сайрагүл Сауытбайдың 392-баптың 1-ші бөлігі ("шекараны заңсыз кесіп өту") бойынша айыпталып отырғанын және ҚР Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет деп бекітілгенін атап өтті.

© Sputnik / Айгерім ТаубайСайрагүл Сауытбайдың соты
Сайрагүл Сауытбайдың соты - Sputnik Қазақстан
Сайрагүл Сауытбайдың соты
Сайрагүлдің қылмысқа балаларымен қауышу үшін барғанын ескеру керек

"Сайрагүл Сауытбайдың әрекеті ҚР конституциясының 11-бабы 2-ші бөлігіне сәйкес, онша ауыр емес қылмыстар қатарына жатады", — деді прокурор жарыссөз барысында. 

Қиырдағы қазақтар фильмінің кейіпкерлері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайдағы қазақ мәселесі: жанашыр азаматтар қандай қиындыққа тап болғанын айтты

Прокурордың айтуынша, мыңдаған адам Сайрагүл Сауытбайды ҚР аумағынан шығармауды өтініп отыр, сонымен қатар қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Алайда қылмыстық істі тоқтатуға айыптаушы жақ ешқандай негіз жоқ деп санайды.

Айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласының бар екенін ескере келіп, прокурор Имярова қылмыстық кодекстің 53-бабы 1-бөлігі 7,11-тармағына сәйкес, жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылық жасау және жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінудің жазасын жеңілдететін жағдайлар екенін айтты.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 54-бабына сәйкес, Сауытбай қылмыстық құқық бұзушылық жасаған ҚХР азаматы, екінші жағынан  екі кәмелетке толмаған баланың анасы. Сайрагүл Сауытбайдың қылмыстық әрекетке балаларымен қауышу үшін барғанын ескеру керек деп санаймын", — деді прокурор. 

Прокурор Сайрагүл Сауытбайдың онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескеріп, жазаның жартысынан асырылмайтын қағиданы қолдану керек екенін айтты. Сонымен қатар, ҚХР  азаматы Сайрагүл Сауытбайдың қылмысын Қазақстанда өмір сүріп жатқан заңды некедегі күйеуі мен екі баласымен қауышу үшін жасағанын ескере келе, қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігі негізінде қосымша жаза — Қазақстан шегінен шығаруды қолдамауды сұрады. 

Сонымен қатар, прокурор жарыссөз барысында Сауытбайды алты ай көлемінде пробациялық бақылауға алуды ұсынды.

Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы не болды?

Прокурор Сайрагүлді Қытайға бермеуді сұрады

"Жоғарыда  айтылғандардың негізінде айыптаушы жақ ҚХР азаматы Сайрагүл Сауытбайды ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған аталған баппен алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды; Сайрагүл Сауытбайдың 2018 жылдың мамыр айының 23-інен күзетте болуын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза  мерзіміне қоса есептеуді; ҚР Қылмыстық кодексінің 60-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты түрде ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабы негізінде Сайрагүл Сауытбайды 6 ай мерзімде пробациялық бақылауға алуды; пробациялық бақылауды Сайрагүл Сауытбайдың күйеуінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша орнатуды; Сауытбайдың тәртібін бақылауды Еңбекшіқазақ аудандық пробация қызмет бөліміне жүктеуді; қосымша жаза Қазақстан Республикасы шегінен шығаруды қолданбауды; сот залында қамаудан босатуды сұрайды", — деді прокурор. 

Прокурордың ұсынысын Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан да қолдайтынын жеткізді.

Қартаң әйелдің қолы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей бейнеүндеу жариялады

Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша сот үкімі сағат 15.30-да шығады. 

23 шілдеде  өткен сот процесінде прокурор Сайрагүл Сауытбайдың процессуалдық келісім жасасу туралы өтінішінен бас тартқан. Сот отырысында прокурор Арзыгүл Имярова жарыссөзге дайын емес екенін айтып, сот отырысы тамыздың 1-іне шегерілген болатын. 

Босқын мәртебесін алғысы келеді

Адвокат Абзал Құспан Сайрагүлдің барлық тағылған кінәні мойындайтынын айтқан болатын. Сайрагүлдің бар мақсаты босқын мәртебесін алу екенін де жеткізген. Сайрагүл Сауытбай Қазақстанда кез келген жазаға келісетінін айтып отыр.

Заңсыз өтуден басқа жол қалмаған

Сайрагүл Сауытбай алдыңғы өткен сот отырысында Қытайда "саяси қысым жасалғандықтан, шекарадан заңсыз өтуден басқа жол қалмағанын" айтқан. Сауытбайдың сөзінше, ол Қытайда құпия саналатын саяси үйрену орталықтарында жұмыс істеген, "мемлекет құпиясын әшкерелемеу" туралы қолхат берген. Сайрагүл Сауытбай Қытайға қайтарылса, ол елде өзіне өлім жазасы кесілуі мүмкін екенін айтады.

Министр қытайларға қатысты тарап жатқан мәліметке қатысты пікір берді

Саяси тәрбие лагерінде мұғалімдер дайындаған

Мамырдың ортасында Алматы облысының тұрғыны Уәли Ісләм әйелі Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті" деген айыппен ұстап алып кеткенін хабарлаған. Кейінірек Сайрагүл Сауытбайдың Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырғаны анықталды. 

Ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келгісі келген. Туыстарының айтуынша, Сайрагүл Сауытбайдың  мемлекеттік қызметте істеуіне байланысты жергілікті билік паспортын алып қойған. Сондықтан ол "Қазақстан азаматтығына тапсыра алмаған".

Қытайда ұсталған этникалық қазақтар босатылды — СІМ басшысы

Жаңалықтар
0