Қытай, Пекинм

Қытай қазақстандықтар үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

500
(Жаңартылды 20:33 06.08.2018)
Бірінші тамыздан бастап Қытай визасын алу үшін өтініш электронды түрде беріледі. Виза алушының барлық құжаты дұрыс болса, визаны 5 күнде ала алады

АЛМАТЫ, 6 тамыз — Sputnik. Алматыдағы бас консулдық алдындағы ұзын-сонар кезектің алдын алу үшін 2018 жылдың 1 тамызынан виза алуға электронды өтініш беру енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматыдағы Қытайдың Бас консулдығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың қызметіне жүгінетіндердің қарасы қалың. Қазақстан азаматтары көп жағдайда Қытайға шығатын виза алуға келеді.

"Консулдыққа сауда-экономикалық, мәдени, білім беру, туристік және басқа да саладағы ынтымақтастыққа байланысты ұсыныспен келетіндер де бар", — деп жауап берді Бас консулдықтың баспасөз қызметі Sputnik тілшісіне. 

Қытай визасын алу үшін өтініш электронды түрде беріледі

Екі ел арасындағы байланыс кеңейген сайын Қытай визасын алушылардың саны да артыпты. 

Қайда демалуға болады: қазақстандықтарға виза қажет емес елдер
© Sputnik / Айдын Алдангаров, Айсулу Жумагулова

"Қытайға барушылар визаны жеке және топ болып алады. Ал әр топтағы адамның саны әр кезде әртүрлі болады", — дейді консулдықтағылар. 

Консулдық ұзын-сонар кезек болмау үшін электронды өтініш беруді енгізіп отыр. 

"Бас консулдық 2018 жылдың 1 тамызынан бастап  виза алудағы кезекті шешу үшін электронды өтініш беру мен электрондық тіркеуді пайдалану тәртібін енгізді", — дейді баспасөз қызметі.

Ал виза алушының барлық құжаты талаптарға сай болса, өтініш беруші визаны 5 күнде ала алады.

"Қытайдың заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес, сондай-ақ өтініштердің әрқайсысы үшін нақты жағдайларды ескере отырып, Бас консулдық виза беру туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер өтініші берушінің құжаттары  барлық талапқа сәйкес келсе, виза Бас консулдықта өтініш бергеннен кейінгі бесінші жұмыс күнінде дайын болады", — дейді консулдықтағылар.

Қытайда сотталған Ақжарқынның отбасы қатты қиналып отыр

Қытайда 15 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр

Бас консулдықтың берген мәліметі бойынша, бүгінде Қытайда 15 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр. 

"Қытайда білім алу Бас консулдық арқылы жүзеге аспайтынын ескерсек, нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін", — дейді олар. 

Қазақстандықтар ҚХР-да білім алу үшін Қазақстанның білім және ғылым министрлігі арқылы немесе тікелей Қытайдың жоғарғы оқу орындарына өтінім береді. 

Қазақстан Қытайдан алған қарызын қайтарды

500
Кілт сөздер:
виза, Қытай
Тақырып бойынша
Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тың мәлімет жарияланды
Сайрагүл Сауытбай: Қатты қиналғанда қолымдағы "Алла" жазуы анық көрініп тұрады
Сайрагүл Сауытбай бостандықта: қазақ неге алаңдайды?
Сайрагүл Сауытбай: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа рақмет! – видео
"Біз ешқашан экспансияға ұмтылмаймыз" Қытай қандай уәде берді?
Қазақстан Қытай азаматтары үшін визаны алып тастағаны рас па? СІМ жауабы
Фотодерек: Назарбаев Қытай басшысына не айтты?
Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр?
Загрузка...