2018 жылғы соңғы қоңырау

Астанада мектеп формасын қайдан сатып алуға болады жәрмеңкенің кестесі

124
(Жаңартылды 19:40 11.08.2018)
Тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Астанада қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда алдағы демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі басталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Жәрмеңкеде мамандандырылған мектеп формасы мен барлық қажетті керек-жарақты сатып алуға болады. Оған отандық тауар өндірушілер мен кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады. 

Олар жаңа оқу жылының қарсаңындағы "Мектепке жол" республикалық акциясының шеңберінде өткізіледі. 

Өтетін орны: Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң.

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі 

Мектеп жәрмеңкесі 1 қыркүйекке дейін: 11-12, 18-19 және 25-26 тамыз күндері өтеді.   

Мектеп формасына қойылатын талаптар 

Оқушылардың формасы, білім және ғылым министрлігі бекіткен стандартқа сәйкес, қара-көк түсті және классикалық үлгіде болуы тиіс.

Ұлдардың формасына пиджак, желетке, ақ жейде мен шалбар кіреді. Қыздардың формасына пиджак, желетке, сарафан, белдемше, шалбар мен ақ жейде кіреді. Осы тізбедегі киім-кешекті ата-аналар өз қалауы бойынша жасақтай алады. Тізімдегінің барлығын сатып алу міндетті емес.

Мектеп формасын жабдықтаушы мен өндірушіні ата-аналары өздері таңдайды. 

Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жасар қыз еліміздің оңтүстігінен табылды   


124
Кілт сөздер:
киім-кешек, жәрмеңке, мектеп формасы, Астана
Тақырып бойынша
Алматыда қарттарды қолдауға арналған жәрмеңке өтеді
Еліміздің мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі
Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы – министр
Киім-кешек алу үшін Қытайға барған әйелдер жолда үсіп қала жаздады
Астанада ата-аналар мектеп асханасының тамағын тексере алады