Қоғам

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі түлектердің Астана әкімінің грантын алуға мүмкіндігі бар

© Sputnik / Болат ШайхиновҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 11-15 тамыз аралығында тапсыру қажет

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Қазақстандық түлектердің Астана әкімінің грантын алып, жоғары оқу орнында тегін оқуға мүмкіндігі бар.

Астана әкімдігі қала басшысының қалай алуға болатынын хабарлады. 2018-2022 оқу жылына күндізгі бөлім бойынша мың орын бөлінді.

Дания Еспаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутаттар жоғары ұпай жинап, оқуға түсе алмаған түлектерге грант беруді сұрайды

Байқау комиссиясы Қазақстан қалаларындағы 12 оқу орнын іріктеп алды: Еуразиялық гуманитарлық институт, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Астана халықаралық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, "Тұран-Астана" университеті, "М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясы" АҚ, "Астана медициналық университеті" АҚ.

Мамандықтар тізімі мен гранттар санын әкімдік сайтынан біле аласыздар.

Құжаттарды 11-15 тамызда тапсыру қажет.

Жаңалықтар
0