Қоғам

ҰБТ-ны қайта тапсыру басталды – қорытындысын қайдан білуге болады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҰБТ-ны қайта тапсырған талапкер 2 242 теңге төлейді, нәтижесі тапсырған күні белгілі болады

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Қазақстанда 15 тамыздан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру және кешенді тестілеу басталды.

Тестті қайта тапсырғысы келгендер 25 шілде мен 3 тамыз аралығында өтініш берді. Олардың саны 40 718. Түлектердің жартысынан көбі – 66 пайыз – мен КТ-ны қазақ тілінде, 33 пайызы – орыс тілінде және 11 адам ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірді.

Астана әкімінің гранты кімге беріледі?

ҰБТ-ны қайта тапсыру себебі

  • Ұпай саны шектік балға жетпей қалды
  • Нәтижесі жойылды
  • ҰБТ/КТ-ға қатыспады

Қайта тестілеуден өту ақысы – 2 242 теңге, Қазпошта немесе Халық банк арқылы төленуі тиіс.

Бес пән бойынша сұрақтарға толық білім беретін бөлімде оқығысы келетін 18500 адам жауап береді, ал қысқартылған бағдарлама бойынша білім алғысы келетін 22 218 адам екі пәннен ғана тапсырады.

ҰБТ-ға өзгерістер енгізілуі мүмкін

Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу 5 күн бойы – 15-19 тамыз аралығында – 40 ЖОО базасында өтеді.

ҰБТ-ны қайта тапсыру/КТ бойынша апелляция

Апелляцияға өтініш тест қорытындысы шыққаннан кейінгі келесі күні сағат 13:00-ге дейін қабылданып, бір күнтізбелік күн ішінде қаралады. Талапкер апелляциялық комиссия отырысына келмесе, оның өтініші қаралмайды.

Шиара Құдайбергенова қайда оқуға түсті?

ҰБТ-ны қайта тапсыру/КТ қорытындысы

Қайта тапсырылған тесттің қорытындысы сол күні Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

2018 жылғы грант иелерінің тізімі жарияланды

Жаңалықтар
0