Валидатор

Астанада оқушылардың көлік картасын қалай алуға болады?

102
(Жаңартылды 16:28 17.08.2018)
Оқушыларға көлік карта мектептерде беріледі немесе ата-ана төлем жүйелері департаментіне өтініш білдіруі тиіс

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Оқу жылының басталу қарсаңында "Астана LRT" компаниясы мен премьер-министр баспасөз қызметі оқушылардың қоғамдық көлікті пайдалануына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді.

Оқушылар үшін жолақы қанша тұрады?

Жолақыға аз ақша төлеу үшін, 15 жасқа дейінгі балалар мектептің көлік картасын ала алады. Бұл картамен жолақы бағасы 40 теңге тұрады.

Мектептің көлік картасын қалай алуға болады?

Оқушылардың көлік картасын білім беру мекемесінен алуға болады. Оны ресімдеу үшін баланың туу туралы куәлігі мен суреті жеткілікті.

Егер мектеп картаны ресімдей алмаса, баланың ата-анасы немесе қамқоршысы Қажымұқан көшесі, 14 мекенжайы бойынша орналасқан төлем жүйелері департаментіне өтініш беруі керек. Баланың құжаттарынан бөлек, өтініш беруші ересек тұлғаның да жеке куәлігі қажет болады. 

Басқа қаладан келген балалар да ересектердің көмегімен аталған мекенжай бойынша карта ала алады.

Атап өтсек, тамыздың ортасындағы ахуал бойынша 120 мыңнан астам оқушы карта алып үлгерген.

Оқушылардың көлік картасы қанша тұрады?

Алғаш рет картаны ресімдеу тегін болады. Бірақ оқушы картасын жоғалтып алса, қайта шығару үшін 400 теңге төлеуі тиіс.

Көлік картаны қайдан сатып алуға және толтыруға болады

Картаны кім пайдалана алады?

Картада оқушының аты-жөні жазылатындықтан, тек иесі ғана пайдалана алады.

102
Кілт сөздер:
оқу жылы, көлік картасы, ата-ана, оқушылар, мектеп, қоғамдық көлік, автобус, Астана LRT, Астана
Тақырып бойынша
Астана автобустарында көліктік картаны енгізу - алғашқы нәтижелер
Загрузка...