Қоғам

Астана перзентханасында тағы бір әйел сәбиінен айырылды

CC0 / Astrid Pereira / Аяғы ауыр әйел
Аяғы ауыр әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық перзентханада бірнеше әйел көз жұмғаннан кейін, тағы бір сәби іште жатып шетінеп кетті. Құрсағындағы нәрестесінен айырылған әйел бұл жайтқа дәрігерлерді айыптап отыр

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. тұрғыны Наталья Ярцева перзентханалардың бірінде құрсағында жатқан нәрестесінен айырылып қалды, деп хабарлайды КТК.

"Үшінші рет УЗИ-ге түскенде, бала кіндігіндегі 2 артерияның орнында біреуі ғана бары анықталды. Бала біреуімен ғана жетіліп, дамыған. Бірақ дәрігерлер оған бола уайымдамауға кеңес берді. Наталья сізде 38 апта, денсаулығың жақсы, босануға әлі ерте, 39 аптаға жетсін, асықпаңыз деді", — деп еске алады Наталья Ярцева.

Келіншек баласының іште қозғалуы баяулап қалғанын айтып қанша жалынса да, ешкім құлақ аспапты. Салдарынан Натальяның нәрестесі құрсақ ішінде шетінеп, жатырындағы өлі сәбиімен палатада тағы бір күн жатып қалады. Ертесінде дәрігерлер операция жасағанымен бәрі тым кеш болатын.

Әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана перзентханасында төртінші әйелдің қалай көз жұмғаны белгілі болды

Натальяның ойынша, дәрігерлердің оған дер кезінде көмек көрсетпеуіне 8 тамыз күні себеп болған. Өйткені 8 сандары сәйкес келген күні босануға сұраныс көп болып, дәрігерлер еңбегін ақшаға сатқан көрінеді.

Қостанайда үйде босанған әйел қайғылы жайтқа тап болды

"08.08.2018 күні босанғандардың көпшілігі — жас аналар. Біреулерге қуаныш шығар, бәлкім, мен үшін — баламның қайтыс болған күні. Аты-жөнін айтпай-ақ қояйын, менен кейін түскен келіншектерден осы күні дәрігерлерге ақша төлеп, босанып алғанын естідім", — дейді Наталья Ярцева.

Сәбиінің шетінеу себебін  әйелге ешкім түсіндірмепті. Сондықтан Наталья тағы барады. Алайда бас дәрігер мен орынбасарлары аяқ асты іссапарға кеткендіктен күзетшілер жолатпай қойды. 

"Жатырда тыртығы болыпты. Әрі баланың зәр шығару жүйесінде ақау бары анықталды. Оның үстіне жүктілігіне 38 апта болған. Ал емдеудің диагностикалық ережесіне сай, кесар тілігін жасау 39-шы аптада ғана рұқсат етіледі", — деп түсіндірді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Сәуле Мұқышева.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Нәрестесі шетінеп кеткен анаға перзентхана қомақты қаражат төлейтін болды

Дүние есігін ашып үлгермеген сәбиінен айырылған Наталья Ярцева өзіне салғырт қараған дәрігерлерді заңмен жазалауды көздеп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі мен прокуратураға арыз берген. Енді сараптаманың қорытындысы шығуы тиіс.

Жас ана бес айлық сәбиін өлі күйінде тауып алды

Бұл елордалық перзентханаларға қатысты бірінші жанжал емес. Соңғы екі айда Астананың бірінші және екінші перинаталдық орталықтарында төрт әйел босану үстінде көз жұмды. Әйелдер өлімінің себебін анықтау үшін Израильден мамандар шақырылып, олар жас аналардың өміріне араша түсу мүмкін емес еді деген қорытындыға келді. Қазір көз жұмған екі әйелдің балалары ауруханадан шықты, қалған екеуін дәрігерлер емдеп жатыр.

Жаңалықтар
0