Қоғам

"Өлімге құштарлық". Адам өмірден өтетін күнін өзі таңдайтыны рас па?

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Психоаналитик мамандар "Адамдар өмірден өтетін күнін өздері таңдай ма?" деген сұраққа жауап берді

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Денис Теннің өлімі туралы жаңалық тарағалы қазақстандықтар әлеуметтік желіде спортшының сұхбаттарынан үзінділер бөлісіп, оның өз өлімін "алдын ала болжағаны" туралы жарыса жазды. Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі психоаналитик Зигмунд Фрейдтің өлімге құштарлық теориясына тоқталып, осы тақырып төңірегінде мамандармен әңгімелесті.  

Өлімге құштарлық немесе танатос атты психоанализдегі ұғымды Сабина Шпильрейн ашып, әрі қарай оны айналымға Зигмунд Фрейд енгізді. Фрейд бұл ұғымды өз еңбектерінде тірі ағзаның бастапқы органикалық емес қалыпқа ұмтылуымен байланыстырды және оны өмірге деген құштарлыққа қарама-қарсы қойды. Дәлірек айтсақ, Фрейд "құштарлық" ұғымы туралы өзінің "Сексуалдық теориясына арналған үш очеркінде" жазған. 

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сөздерінде өлімге құштарлық деңгейі қандай? Бұл сауалға психоаналитик Анна Мергенбайқызы мен испаниялық психоаналитик, PhD Мануэль Мартинез жауап берді. 

"Дүние есігін ашқан сәтте әрқайсымыздың бойымызда өлім мен өмірге деген құштарлық қатар туады. Бұл Фрейдтің революциялық жаңалығы. Біз биологияның бір бөлігіміз. Мысалы, балықтарды алайық. Олардың арасында ақсерке уылдырық шашқан соң тасқа соғылып немесе суға қарсы бағытта жүзіп өледі. Яғни табиғатта сен жаңа өмірге бастау берсең, өлуің керек деген заңдылық бар. Себебі, сен ең басты миссияңды орындадың. Адамзат қана мәдениеті мен тағы басқалары арқылы өлімге құштарлықты азайта түсуге тырысады. Осылайша өмірге құштарлық басым болады. 

реанимация көлігі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?

Ежелгі Греция немесе Спартада сырқаттанған қариялар мен әлсіз балаларды құздан құлатып өлтіретін болған. Бұл бір шетінен өлімге құштарлық болса, екінші жағынан табиғи сұрыпталудың бір көрінісі. Сондай-ақ, Бразилия Джунглилерінің бірінде әлсіз балаларын өлтіретін тайпалардың бары анықталды. Америкалық ерлі-зайыпты миссионерлер әлдеқандай жолмен осы тайпа өлтірмек болған бір қызды аман алып қалып, ауруын емдеп жазды. Қателеспесем қазір бұл қыз мектепті тәмамдап үлгерді. Бір шетінен "Бұл тайпаның өміріне қаншалықты араласуға құқығымыз бар?" деген сауал туындайды. Сөздің турасын айтар болсақ, олар өздерінің артта қалып қойған замандарында өмір сүріп жатыр. Екінші жағынан, қазір адамзаттың көп бөлігі "басқа әлемде" жүр. Яғни осы тайпада болып жатқан жағдайды өлімге құштарлықпен байланыстыруға болады", — дейді Анна Мергенбайқызы. 

Әрі қарай маман ХІХ ғасырда өмір сүрген тайпалардың өлімге қатысты ерекше салт-дәстүрлеріне тоқталды. Сол заманда якуттер, немістер және эвенктер арасындағы тайпаларда жасы келген қарияларға "Болды, сен тиісінше өмір сүрдің. О дүниеге аттанатын кезің келді" деп айтқанда, олар арнайы орынға жатып, мәңгілікке ұйықтап кететін болған. Өлімге құштарлықты қазақ әдебиетінен де кездестіруге болады. Көптеген шығармаларда жасы келген қариялар бала-шағасын жинап, өсиет айтады. Бұл өз кезегінде қарияның мәңгілік сапарға аттанып бара жатқанын білдіреді. 

"Денис және басқа да адамдардың өздеріне белгілі бір жасты теліп, кейін дәл сол жасқа келгенде көз жұмып жатқандарын ескере келе мен сіздің сауалыңызға "Мүмкін, иә" деп жауап беретін едім. Яғни бұл да өлімге деген құштарлықтың бір көрінісі болып тұр", — дейді маман. 

Тағы оқыңыз: Қыршынынан қиылған бес қазақстандық спортшы туралы не білеміз?

Өлімге деген құштарлық ұзақ уақыт басымдық таныта ала ма?

Марқұм айтыскер ақын Оразәлі Досбосынов көбінесе айтысын "Атым Ораз болғанмен, Отыздан жасым аспаған, Иегін сақал жаппаған" деп бастаған екен. Расымен де, айтыскердің жасы отыздан аспады. Ол небәрі 29 жасында жол апатынан қайтыс болды. Осы орайда, маман өлімге деген құштарлықтың қаншалықты ұзақ уақыт басымдық таныта алатынын айтып берді.

Денис Тен - алғашқы сұхбат, архивтегі видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Денис Теннің балалық шағынан жан тебірентерлік видео жарияланды

"Бұл құштарлық бізбен өмір бойы ұласып жүре береді. Құдды ішкі бағдарлама секілді. Егер осы айтыскер ақынымыз менің кабинетіме келген болса, мен ол үшін 30 санының қандай маңызы бар екенін, санасында нені білдіретінін сұрайтын едім. Оның жақыны немесе танысы 30 жасқа дейін ғана өмір сүрген болуы мүмкін. Бәлкім бұл "30 жаста орда бұзады" деген мақалды алғаш қандай жағдайда естігенімен тікелей байланысты шығар. 

Оның басында қандай да бір бағдарламаның бар екені анық. Неге ол 30 санын таңдап тұр? Неге 25 немесе 35 емес? Яғни оның басында осы санмен байланысты бір нәрсе бар. Бір мысал келтірейін. Бір ер адам сау жүріп аяқ астынан ауырады. Өзінің жасы 50-ден асқан. Зерттей келе оның әкесінің 53 жасында қайтыс болғаны белгілі болды. Егер ол да 53 жасына дейін психоаналитик маманға барып емделмесе, қандай да бір жолмен қайтыс болуы мүмкін еді. Бұл – бейсаналы құбылыс. Саналы түрде адамдардың көбісінің өлгілері келмейді", — дейді Анна Мергенбайқызы. 

Психосоматика өлімге құштарлықты білдіре ме әлде оның позитивті астары бар ма?

Аталған термин грек тілінен аударғанда "жан" мен "тән" деген мағынаны білдіреді. Бұл медицина мен психологиядағы тән ауруына психологиялық факторлардың әсер етуін зерттейтін бағыт. Маман спортшылардың ауыр жарақатының өлімге құштарлыққа қаншалықты қатысы бар екенін айтып өтті.

Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады

"Пайданың екінші жағы" деген түсінік бар. Осыған қатысты супервизиядан бір мысал келтірейін. Жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан қыздың қолына өздігінен күлдіреуіктер шыға бастайды. Алғаш аллергия секілді басталып, кейін теріні қолғап секілді шешіп тастауға келетіндей дәрежеге жеткен. Зерттей келе ол қыздың ыдыс жуғысы келмейтіні анықталды. Яғни қолы күлдіреуіктерге толып тұрса, оны ешкім қинап жұмыс істетпейтіні анық. Шамамен 10 күн қолына бинт байлаған күйде жүреді. Яғни пайданың бір түрі деп осыны айтамыз. Ыдыс жумағаны үшін денсаулығын құрбандыққа шалып жатқаны сөзсіз. Есесіне ол осы жол арқылы өзіне ұнамайтын жұмыстан қашып отыр. Шартты түрде айтсақ, ол балалармен бірге тұратын бөлмесін, өзі пайдаланатын ыдысын жуғысы келмей тұр. Бір қарағанда сырт көзге бұл жағдайға аллергияның еш қатысы жоқ болып көрінуі мүмкін. Бұл – бейсаналы деңгейде жүріп жатқан құбылыс. Ол қызға "Сен не істеп жатырсың? Өзіңді қинап жібердің ғой. Одан да 5 минут ішінде 5 тәрелкені жуа салғаның дұрыс" деп түсіндірсек және ол мұны расымен де жан-дүниесімен қабылдай білсе, қолы жазылып кетер еді", — дейді маман. 

Мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко осы күнге дейін 15 рет ота жасатқан. Дәл сол секілді марқұм спортшы Денис Тен де соңғы бірнеше жылда денсаулығы қатты сыр беріп жүргенін айтқан еді. Оң аяғы мәнерлеп сырғанау элементтерін жасауға келмегендіктен, ол ұзақ уақыт бойы Кореяда жатып емделді. Осы орайда, маман адамдардың өмірге қауіпті спорт түрін бекер таңдамайтындарына тоқталды. 

"Неге бұл адамдар жастық шағында мұндай қиындыққа толы спорт түрін таңдады? Қасқырдан қорықсаң, орманға бармағаның жөн. Мәнерлеп сырғанау көп секіруді талап ететін спорт түрі. Ал көп секірген адамның, мүлдем секірмейтін адамға қарағанда өміріне көбірек қауіп төніп тұрғаны, сөзсіз құлайтыны анық. Кей адамдар альпинист болады немесе әлемді жалғыз шарлайды. Олар осылайша қиындықтар арқылы жан рахатына бөленгілері келеді. Дәлірек айтсақ, адамның жаны мазасызданып тұр. Немесе керісінше жаны жайлы адам өмірге қауіпті саланы таңдамайды", — дейді психоаналитик. 

Ал испаниялық психоаналитик Мануэль Мартинез спортшылардың көп жарақат алуына садистік құштарлық себепші екенін айтып өтті. Яғни, оның пікірінше, көптеген спортшы халық махаббатын бірінші орынға қоятындықтан, оларға ұнау үшін өздерін қинап, жарақаттарына қарамастан жаттыға береді. Осының салдарынан олардың бойында өлімге деген құштарлық артып кетуі мүмкін. 

Тағы оқыңыз: Сегіз жылын жазықсыз жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаева қазір не істеп жүр?

"Кез келген спортшының супер эгосы мықты болады. Жанкүйерлерінің көңілінен шығу үшін өздерін аямай шыныға береді. Мұны садистік супер эго деп атаймыз. Бір шетінен мұны өзіне деген махаббаттың көптігімен байланыстыруға болады. Ал шектен тыс шыныға беру арқылы көп жарақат алатынымыз анық. Бұл өз кезегінде өлімге деген құштарлықтың бір көрінісі. Денистің көзі тірісінде барынша кемелділікке, мінсіздікке ұмтылғаны байқалады. Яғни ол үшін әр адамның пікірі маңызды болды және ол әр пікірге қарайлап өмір сүрді", — дейді Мартинез.

Баланың ата-ана өлімінен қорқуы нені білдіруі мүмкін?

Денис Тен соңғы сұхбаттарының бірінде жақындарының өлімінен және олардың қатты сырқаттанып қалуынан қорқатынын айтқан-ды. Сондай-ақ, мұны табиғаттың заңдылығы ретінде толық қабылдайтынын жеткізді. Психоанализде адамның құштарлығының астарында оның шынайы қалауы жататыны айтылады. Осы орайда, маман мұның бұдан өзге нені білдіруі мүмкін екеніне назар аударды.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"

"Кез келген жасы кіші баланың ата-анасынан көз жазып қалудан қорқуы заңдылық. Себебі, ол үшін ата-анасы әрдайым қасында болуы тиіс. Бір сәтте әке-шешемнен айырылып қалуым мүмкін деген ой баланы сөзсіз қорқытады. Алайда бұл қорқыныштың тым шектен шығатын кездері болады. Мысалы, менің 45 жастағы клиентім анасының өлімінен қатты қорқатынын айтып келді. Ал анасы кемінде 65 жаста делік. Бұл патология болуы мүмкін. Яғни анасының бақилық болатын күні алыс емес, ал бұл оны қабылдағысы келмейді. Біз бірге 5 жыл жұмыс істедік. Мен осы клиникалық жағдайлардың бәрін ескере келе аксиома, теорема жасап шығардым. Яғни біздің қорқыныштарымыз шын мәнінде бейсаналы қалауларымызды білдіреді. Осы клиентім 45 жасқа дейін отбасын құрмай, анасымен бірге тұрып келеді. Анализ барысында ол балалық шағында бір қорқынышты оқиға болғанын есіне түсірді. Анасы қызының тамағындағы ангинаны алу үшін аузына пышақ сұққан екен. Пышақ ауыздың ішкі бөлігін кесіп кетіп, сол сәттегі қанның дәмі пациенттің аузында қалып қойған. Бұл қандай садизм? Әрине, анасы ешуақытта менің кабинетіме келген емес. Ол тірі. Десе де, ол психикалық ауруға шалдыққан деп ойлаймын. Яғни мұның барлығы баланың есінде қалып қойып, өзін сақтап қалу мақсатында ол бейсаналы түрде анасын өлтірмек болған. Себебі, өзімізді сақтандыру инстинктіне сәйкес, әр адам өзін аман алып қалу үшін өміріне қауіп төніп тұрған жанды өлтіреді. Ал Денистің жағдайында оның бұлай айтуына мүлдем басқа нәрсе себеп болуы мүмкін. Нақты жауап тек спортшының басында", — дейді маман. 

Тағы оқыңыз: Жаттықтырушысы Денис Теннің өлімінен кейін мансабын аяқтады

Адам өлетін күнін өзі таңдай ма?

Жоғарыда айтылған пікірлерді ескере келе адам өліміне қандай жағдай себепші болса да, өлім мен өмірге деген құштарлықты өзі басқаратынына назар аударуға болады. Яғни осы орайда "Адам өлетін күнін өзі таңдай ма?" деген сауал туындайды. Себебі, "бағдарлама" оның бейсанасында орналасқан. Ал бейсанасына өзінен басқа адам кіріге алмайды. 

"Көп жағдайды ескере келе бұл сауалға "Иә" деп жауап беруге болатын сияқты. Десе де, мұны әр кез қандай да бір жолмен дифференциациялау қажет шығар", — дейді маман. 

Әрі қарай Анна Мергенбайқызы адамның басындағы бағдарламаны өзгертіп, өлімге деген құштарлығын кез келген сәтте анализ арқылы азайтуға болатынына тоқталып, нақты мысал келтірді. 

жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады

"Менің бір туысыма сыған әйел 85 жасқа дейін өмір сүресің деп бал ашқан екен. Жасы таяп қалғандықтан, туысым қорқа бастады. Біз бұл бағдарламаны анализ арқылы өзгертуді жөн көрдік. Сыған балгер бір кездері не айтса да, адамның бүгінгі өмірі қалай өрбитіні тек өз қолында. Ал егер анализ жасалмай, әлгі бағдарлама өз жалғасын таба беретін болса, оның 85 жасында өліп кетуі ғажап емес еді", — дейді ол. 

Шетелдік психоаналитик маман да "Адамдар өмірден өтетін күнін өздері таңдайды" деген пікірде. Сондай-ақ, ол бұған белгілі бір сыртқы факторлардың әсер ететініне де тоқталды. 

"Кез келген сұрақтың жауабы адамның басында болады. Денис өмірден кететін күнін өзі таңдады деп ойлаймын. Себебі, ол сұхбаттарының көбінде өлім тақырыбына тоқталған екен. Оның үстіне ұзақ уақыттан бері депрессияда жүрген болуы да ғажап емес. Карьерасындағы да өзгерістер оған қиын соққаны анық", — дейді испаниялық маман. 

"Олимпиададан кейін мен көп нәрсені ой сүзгісінен өткіздім. Көп жылдан бері жарақаттарыма көз жұмып, күнделікті жаттыға бердім. Демалыс қажет болғанда, жарыстарға қатысып жүрдім. Осының салдарынан жыл сайын ауыр жарақаттарым асқына берді. Қазір физикалық, моральдық, ментальдық тұрғыдан күш жинағым келеді. Осыдан кейін ғана шешім қабылдайтын боламын. Мен мәнерлеп сырғанауды әлі де жақсы көремін бе? Иә", — дейді Денис Тен соңғы сұхбатында. 

Ал, Сіз оқырман, өлімге құштарлық туралы не ойлайсыз? 

Жаңалықтар
0