Мақпал Жүнісова

Мақпал Жүнісова марқұм жұбайымен түскен жантебірентерлік видео жариялады

2681
(Жаңартылды 16:26 21.08.2018)
Видео 230 мыңнан астам лайк жинады, алайда әнші пікір қалдыру мүмкіндігін алып тастаған

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында отбасылық архивтен марқұм жұбайы, танымал саяси қайраткер Заманбек Нұрқаділовпен бірге түскен видеосын жариялады.

Видеода олар кішкентай қыздары Мереймен ойнап жүр. Болжам бойынша, видео 2002-2003 жылдары түсірілген.

Әнші видеоның қасына ештеңе жазбаған, пікір қалдыру мүмкіндігін де алып тастапты.

Заманбек Нұрқаділов Алматы облысының, Алматы қаласының әкімі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік басшысы лауазымдарын иеленген.

2005 жылы қарашада өз үйінде өлі күйінде табылды. 61 жастағы саясаткер өз-өзіне қол салды деп танылған.

Мақпал Жүнісова Төреғали Төреәлі үшін кешірім сұрады

2681
Кілт сөздер:
саясаткер, отбасы, видео, Instagram, Заманбек Нұрқаділов, Мақпал Жүнісова
Загрузка...