Қоғам

Астанада Шыңғыс Айтматов көшесі пайда болды

Жазылу
Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы қазақ және қырғыз халықтарының ұлттық игілігі

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Астанадағы көшеге ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді, бұл бауырлас елдер — Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық-туыстық байланыстың тамаша үлгісі, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің порталы.

"Шыңғыс Айтматов – екі елге тең тұлға, бәріміздің ортақ мақтанышымыз. Бәріміз ұлы қаламгердің шығармашылығын қатар оқып өстік. Бүгінде де өскелең жас ұрпақ Шыңғыс ағамызды сүйіп оқиды. Өйткені оның шығармалары бізге өте жақын. Онда екі туысқан халықтың қилы тағдыры мен терең тамыры жатыр", — деді Бақытжан Сағынтаев.

Қырғызстан премьер-министрі М. Абылгазиев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Астана көшелерінің біріне ұлы жазушының есімін беру туралы шешім қабылдағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

© Photo : ҚР премьер-министрінің порталыКөшенің ашылу салтанатына Қырғызстан премьер-министрі М. Абылгазиев қатысты
Көшенің ашылу салтанатына Қырғызстан премьер-министрі М. Абылгазиев қатысты - Sputnik Қазақстан
Көшенің ашылу салтанатына Қырғызстан премьер-министрі М. Абылгазиев қатысты

"Шыңғыс Айтматов қазақ-қырғыз халықтарының ұлттық игілігі. Қазақстан елордасы көшелерінің біріне жазушы есімінің берілуі өте қуанышты жағдай, себебі Астана – Еуразияның басты әрі күн сайын гүлденіп жатқан қалаларының бірі. Барлық қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның символы – Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бауырлас қазақ халқының барлық жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз", — деді Мухаммедкалый Абылгазиев.

Айта кетсек, Бішкек қаласында Абай, Шоқан Уәлиханов және Мұхтар Әуезов атындағы көшелер бар.

Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр: Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертіледі

Шыңғыс Айтматов көшесі (бұрынғы атауы — №199 көше) жалпы маңызға ие магистральді жол, сегіз қозғалыс жолағы бар. Көше 2016 жылы 1,8 шақырым ұзындықта Қорғалжын тас жолынан Е-10 (Сығанақ) көшесіне дейінгі учаскеде салынып, пайдалануға берілді. Қазір көшені Е-10 (Сығанақ) көшесінен Ұлы дала көшесіне дейін 3 шақырымға ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы 2019 жылы басталады, ал құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған.

© Photo : ҚР премьер-министрінің порталыШыңғыс Айтматов көшесі
Шыңғыс Айтматов көшесі - Sputnik Қазақстан
Шыңғыс Айтматов көшесі

Көше бойынша 2 млн шаршы метр тұрғын үйге, жүздеген ғимараттарға, мыңдаған пәтерлерге Шыңғыс Айтматовтың есімі беріледі.

Жаңалықтар
0