Қоғам

Сағадиев биыл білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновБілім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сағадиев Тамыз конференциясында жаңа оқу жылында оқушылар мен ұстаздарды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын әңгімеледі

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik.  Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында алдағы жылдары информатика пәні 1 және 2-сыныптардан бастап оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астана қаласында педагог қызметкерлердің тамыз конференциясында айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Конференция барысында Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылында оқушылар мен ұстаздарды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді.

Ерлан Сағадиев ҰБТ кезінде, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-ға тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін
"Өткен жылы Елбасы, Үкімет біздің білім саласына, жастарымызға, ұстаздарға ерекше назар аударып, үлкен қамқорлық көрсетіп, осының арқасында біршама маңызды мәселелер шешілді. Алдағы оқу жылының басты міндеті — ұстаздардың жағдайын жақсарта отырып, білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыру. Бұл міндет әрбір білім беру деңгейіне қатысты. Әрбір деңгейдің өзінің ерекшілігі бар. Біріншіден, мектепке дейінгі білім. Ең маңызды мәселелер: қамту, бірыңғай бағдарламасын енгізу және тәрбиешілерді дайындау", — деді Сағадиев.

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік осы деңгейде ең жақсы дамыған. Жекеменшік балабақшалар үлесі 30%-тен асқан. Бұл жалпы әлемдік көрсеткішке сай келеді. Ал 3-6 жастағы балалар балабақшамен 93% қамтылған."Балапан" бағдарламасы арқылы балабақшалардағы жалпы орын саны халықтың сұранысынан асты. Бірақ бұл республика бойынша. Аймақтарда дисбаланс бар. Ол аймақтағы жұмыс деңгейіне және миграцияға байланысты. Ірі қалаларда, әсіресе Алматы мен Астанада дефицит үлкен. Одан кейінгі маңызды жұмыс — балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беруді толығымен электронды форматқа ауыстыру. Сонда кезек жария түрде және тез жылжитын болады. Осы жылдың ерекшелігі бала-бақшаларда оқу-тәрбие сапасын көтеріп, бір деңгейге келтіру", — деді министр.

Сағадиевтің айтуынша, келесі жылдан бастап 0-сынып тәрбиешілері мен мұғалімдерді дайындау жұмыстары жүргізіледі. Латынша "Әліппе" және кириллицада "Букварь" базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр. Оқулықтар 2020-2021 оқу жылына дайын болады.

Сағадиев үкімет басшысының не сұрап отырғанын түсінбей, жан-жағына жалтақтады 

"Орта білімге өткен жылы ең көп көңіл бөлінді. Бұл білім беру деңгейінде кестеге сәйкес жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғасуда. Жаңа оқу жылынан бастап 3, 6, 8-сыныптар мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқи бастайды. 4, 9, 10-сыныптарда апробация басталады. Кезең-кезеңімен көшіп отырмыз. Мұғалімдер де, оқулықтар да дайын. Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін көп жұмыс жасалды. Биыл оқулықтардың сапасы жоғары болады деп сенеміз. Оқулықтардың электрондық нұсқалары енгізілді. Сонымен қатар, осы жылы 1 және 11-сыныптарға арналған жаңа мемлекеттік білім беру стандарттары, жаңа типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары бекітілді", — деді ол.

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұғалімдердің жалақысы тағы өседі, директорлар тек 4 жылға тағайындалады

Әрі қарай Ерлан Сағадиев білім беру жүйесіне қандай жаңа пәндер енгізілгеніне тоқталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта қазақстандық оқушылардың информатика пәнін 1-сыныптан бастап оқулары мүмкін екенін айтып өтті.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 5 және 7-сыныптарда "Өлкетану" курсы биыл алғаш рет енгізіледі. Оқулықтар мазмұнын өңірлерде құрылған авторлық топтармен бірге жасадық. Бүгінгі күні оқулықтар дайын. Өлкетануды сапалы жүргізуіміз қажет. Биыл "Информатика" пәні 3-сыныптан басталады. "Цифрлық Қазақстан" программасының аясында информатика сабағы келесі жылдан 1-2-сыныптарға енгізіледі. Олардың бағдарламалары дайындалуда. Цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылуда. Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100% жеткізілді, мұғалімдер оны тиімді пайдалана білуі қажет. Министрлік ұсынысымен жаңа оқу жылынан бастап әр балаға жеке логин беріледі. Енді цифрлық ресурстар үйде де, мектепте де бәріне тегін қолжетімді болады", — деп қорытты сөзін министр.

Білім министрі мұғалімдердің баспана мәселесін шешуге уәде етті 

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы — жаңа оқу жылының басталуына және жаңа идеяларға бастама беретін дәстүрлі оқиға. Конференция Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауында және "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, туындаған мәселелер мен инновацияларды талқылауға арналған сұхбат алаңына айналады.

Жаңалықтар
0