Автобус

Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

277
(Жаңартылды 15:45 20.08.2018)
Автобус жүргізушілерінің жалақысы ұлттық компания қызметкерлерінің еңбекақысымен теңестірілуі мүмкін

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. Елордалық автобус жүргізушілерінің айлық жалақысы 400 мың теңгеге дейін баруы мүмкін, бастысы үш шарт орындалуы тиіс: уақыт кестесін бұзбау, жол жүру ережесін сақтау, жолаушылардан шағым түспеуі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

"Қазір жүргізушілер белгіленген 200 мың теңге еңбекақы алады. Егер ол 15-18 күн толық еңбек етсе, ол зейнетақы мен салықты шегеріп қалғанда осы ақыны алады. Және егер бәрі дұрыс болып, оның атына шағым түспесе, жол оқиғасына түспесе, жұмыс ережесін бұзбаса қосымша 200 мың теңге қосылады. Сонымен қатар, ұзын автобустарда жүретін жүргізушілерге 50% үстеме қарастырылған. Бәрін қосқанда белгіленген еңбекақымен санағанда 400 мың теңге алуға мүмкіндік бар", — деді № 3 автопарк басшысы Бауыржан Тілеубергенов.

21 шілдеден бастап автобустарда дифференцияланған тариф бекітілді.

Көлік картасын қайдан алуға болады?

Соған сәйкес, қала ішіндегі бағдарларда картамен төлегенде 90 теңге болады. Сонымен бірге, бір сағат ішінде бір рет автобусты ауыстырып міну тегін болмақ. Ал жолақыны ақшалай төлегенде қалалық автобуста жүру құны 180 теңге.

277
Кілт сөздер:
жолақы, жалақы, автобус жүргізушісі, Астана LRT, Астана
Тақырып:
Астана жаңалықтары (90)
Тақырып бойынша
Астананың автобустары кондукторсыз жүретін болады
Астанада автобус жүргізушісі доңғалақ ауыстыру кезінде көз жұмды
Автобус жүргізушісі қақаған аязда әйелді елсіз далада қалдырып кеткен
Армения премьер-министрі Никол Пашинян

Тоқаев Армения премьеріне коронавирустан сауығып кетуін тіледі

19
Мемлекет басшысы Никол Пашинянның коронавирустан емделіп, қызметіне қайта оралатынына сенетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған Армения премьер-министрі Никол Пашинянға тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Армения премьер-министрі Никол Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.

Бұған дейін Армения премьерінің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Пашинянның айтуынша, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Коронавирус белгілері байқалмайды. 

Пашинян резиденцияда қашықтан жұмыс істейтінін айтты.

Арменияда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған, режим 13 маусымға дейін ұзартылды.

1 маусымдағы жағдай бойынша Арменияда COVID-19  жұқтырғандар саны 9492 адамға жетті.

19
Кілт сөздер:
Никол Пашинян, коронавирус, Армения, Қасым-Жомарт Тоқаев
Архивтегі фото

Қазақстанның танымал тұлғалары ұл-қызын қалай тәрбиелейді

90
(Жаңартылды 15:29 01.06.2020)
Рамазан Стамғазиев бала тәрбиесіндегі екі ұстанымы туралы бөлісті, ал Рахман Омар отбасындағы ренішті қалай жеңетінін айтса, Исраил Сапарбай ұрпағын қазақ тілінде сөйлеуді міндеттейді екен

АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik, Айгерім Таубай. 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Sputnik Қазақстан тілшісі ел алдында жүрген азаматтардың бала тәрбиесіндегі ұстанымын білді. 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнді насихаттап жүрген әнші Рамазан Стамғазиев бала тәрбиесінде екі ұстанымды басшылыққа алатынын айтты. 

Еңбектену, іздену, көп оқу

"Қазақта "алға кетсең көз тиеді, артта қалсаң сөз тиеді" деген қағида бар. Қатарыңнан қалма дегенді бала жасымнан әжелерім мен әке-шешем санама сіңдіріп тастаған. Адам қатарынан қалмау үшін еңбектеніп, ізденіп, көп оқуы керек. Оңы мен солын танып, өмірдің жолын білуі қажет. Үлкен балаларыма осыны айтып отырамын", - дейді Стамғазиев.

Рауан Кенжеханұлы: Ұлт мектебінің үлгісін жасау керек

Айтуынша, еңбектену арқылы тұлға болуына көмектескен, еңбек сіңірген ата-ана мен ұстаздардың сенімін ақтау – екінші ұстанымы. Олар мен үшін ұялмауы қажет, мен үшін айналып қашпауы керек. Үлкен еңбектің табысты жолдарына түскен кезде, қазақтың атынан сахнаға шыққан кезде, жалпы өмірде осы екі ұстанымым бар дейді әнші.

"Немерелерім әлі кішкентай, оларға ештеңе айтпаймын, керісінше көрсетемін. Бақшаға апарып, арам шөп жұлдырып, жинатамын. Еңбекке баулимын. Атқа мінуді, үлкен кісі келсе қолына су құюды көрсетемін. Өмірдің бір тетігін көрсетсең, бала бірден қабылдап алады. Қол жайып бата сұрасаң, соны қайталайды. Ер жетіп, есін жинап, сөз түсіне бастаған кезде "Жетіден кейін баланы құлыңдай жұмса" дегенге салып, білген түйгенімді айтамын", - дейді ол.

Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан немерелерімен жиі саяхаттайтынын байқауға болады. Мұны өзі кең даланың ауасымен тыныстатып, таудың тіршілігімен таныстырумен байланыстырды.

Айтуынша, әншінің жары Ұлту Қабаева мен келіні немерелеріне атасына лайық бала болуды айтып отырады.

"Келінім "атаңның алдына бар", "атаңнан рұқсат сұра" деп айтып отырады. Бала су сияқты, өмірдің ағысымен келе жатып иінінен айналып өтіп, жағаны ұрып, кейін қайтып бәрін үйренеді", - дейді Стамғазиев.

Ең басты ұстаным – өтірік айтпау

Ал бес ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған актер әрі тележүргізуші Рахман Омар балаларына қол көтермегенін, отбасындағы ренішті қалай жеңетінін айтты.

"Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі", "Не ексең, соны орасың" деп айта берсең, бала тәрбиесі жайлы қазақта нақыл сөз де, мақал да көп. Балаларға қол көтеріп көрмеген адаммын. Балаларымның тәрбиесі – мен үшін ең маңызды мәселе. Балалар мені ренжітіп қойса, оларды төпей жөнелмеймін, жай ғана сөйлеспей қоямын. Бұл – менің әке ретіндегі әдісім", - дейді Омар.

Айтуынша, бірнеше сағат өткен соң кінәсі бар екенін сезген бала ағынан жарылып әңгімесін айтатын көрінеді.

"Балалар шыдамсыз келеді ғой, бір сағат өткен соң сөйлей бастайды, ары кетсе жарты күн жүреді де, қипақтап алдыңа келеді. Қарамаймын, мойын бұрмаймын, естімеген болып қасынан өтіп кетемін. Қипақтап-қипақтап алдыңа келеді, іштей шалалығы бар екенін сезіп тұрады. Содан кейін отырып, ақырын-ақырын сұрағымды қоя бастаймын. Ішіндегісін психолог ретінде суырып біліп аламын", - дейді ол.

Актер ашу үстінде баланы қағып жіберсе, ренжіп, бұйығып, ішіндегісін айтпауы мүмкін дейді.

"Баланың жасына қарап, соған сай бейімделу қажет. "Мен әке екенмін" деп қамшыны үйіріп қойып тәрбиелеуге де болады. Бірақ қазір заман басқа, балалардың ой-өрісі басқа. Мен балаларыма доспын. Ең басты ұстаным – өтірік айтпау. Осыны ұл-қызыма үнемі айтып отырамын. Өтірік бар жерде жаман әдет, бір дүниені жасыру, жаман қылық болады", - дейді актер.

Рахман Омар балаларының осы ұстаным бойынша өсіп келе жатқанын алға тартты. Айтуынша, ұл-қызы әкесі секілді сөйлеп, сөз саптауын ыңғайландыруға тырысады.

"Бала – әкесінің көлеңкесі. Олар жүріс-тұрысыңды білдірмей аңдып жүреді. Оған көзім жетті", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: "Алып шыға алмайтынымды сездім": актер Рахман Омармен сұхбат

Ана тіліңде сөйле! 

Ал ақын, драматург Исраил Сапарбай қара шаңыраққа жиналатын кезде балаларына, немерелеріне қазақ тілінде сөйлеу керек деген шарт қоятынын айтты.

"Отан отбасыдан басталады. Ақын, тарихшы, базардағы саудагерде де жалғыз ғана ұстаным болу қажет. Ол – өз ана тіліңде сөйлеу. Бізді сақтап отырған ауыл еді, оны да құрттық. Өз отбасыма қатаң қараймын. Тәрбие тілден басталады. Балаларыма қазақ әдебиетін оқытып, құндылықтарды бойына сіңіремін. Қаладан немерелерім үлкен шаңыраққа келгенде қазақша сөйлеу керек деген ұстаным бар", - деді Сапарбай.

90
Кілт сөздер:
танымал тұлғалар, бала тәрбиесі
Тақырып бойынша
Омар Жәлел оқушылардың ашуына тиген дәрісіне қатысты түсініктеме берді
Білім министрі қай мұғалімді үлгі тұтатынын айтып берді
"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
Кіндік әке-шешенің бала өміріндегі рөлі қандай?
"Көзін ашу қажет": белгілі журналист оңтүстіктегі ескі көзқарасты жою керектігін айтты
"Таяқ жедім, аш болдым, бірақ ешкімге айтпадым": Сәкен Майғазиевтен 10 кеңес  
"Болып жатқан жағдайға сөзім жоқ": Әбілдина өзін мазалаған мәселе туралы айтты
Бетперде таққан қыз

Бекшин Алматыда қызметі тоқтатылған нысандарды атады

0
(Жаңартылды 18:53 01.06.2020)
Қала бойынша бақылау жүргізетін топ құрылды, оған аудан әкімдігі, "Атамекен" бизнес орталығы өкілдері, санитар дәрігерлер мен полиция өкілдері енді

АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін айыппұл салынған нысандар мен кәсіпорындарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қала бойынша бақылау жүргізетін топ құрылды, оған аудан әкімдігі, "Атамекен" бизнес орталығының өкілдері, санитар дәрігерлер мен полиция өкілдері кірді.

"Алдымен нысан жұмысын қайта бастауға қатысты түсіндірме, дайындық жұмысы жүргізілді. Сол жұмыстың арқасында қоғамдық тамақтану нысандары, шаштараз, сән салондары ашылды. Бүгіннен бастап азық-түлік сатпайтын базарлар ашылды. Автокөлік жуатын жерлер, моншалар, СПА-салон, сауналар қызметіне рұқсат берілді. Барлық нысанға алдын ала талаптар қойылып, нұсқамалар әзірленді", - деді Бекшин.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер балабақшаларда кезекші топтар ашылып жатқаны жайлы атап өтті.

"1 989 зерттеу жүргізілді. 65 жағдайда әкімшілік жаза қолданылды. Айтылған ескертуге қарамастан талаптарды үнемі бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынды. 39 нысанның қызметі тоқтатылды", - деді ол.

31 мамырда қалада мониторинг жүргізетін топтар 153 нысанды тексерді. Нәтижесінде 14 нысанның жұмысы тоқтатылды. Бұл бірнеше рет жасалған ескетуді ескермеген нысандар. 

"12 кәсіпорынның басшысына әкімшілік айыппұл салынды: "Ретейлсервисгрупп" кофеханасы, "Жан плов лагман" мейрамханасы, "Шашлычная на Кирова" дәмханасы, "Шашлычный двор" дәмханасы, "Боржоми" кафесі, "Алма-Ата" кафесі, "Байтас" минимаркеті. Сондай-ақ, "Прованс" кафесінің, "Лаффа" кафесінің, көшірме орталығының қызметі тоқтатылды", - деді Бекшин.

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

Алматыда коронавирус 2 647 адамда тіркелді, 1 552 науқас аурудан жазылып шықты. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, апта ішінде күн сайынғы өсім 1,7%-тен 4,8%-ті көрсетті.

"Анықталған жағдайлардың 3,7%-і сырттан әкелінген, оның ішінде 66 адам шетелден келген. 747 жағдай прафилактикалық тексеру кезінде анықталған, 78 адам өз бетінше медициналық тексеруге жүгінген. Ал қалған 1 790 адам байланыста болған", - деді Бекшин.

Науқастардың ішінде 1,6%-і – зейнеткерлер, 4,6%-і – жұмыс істемейтін азаматтар, 89%-і – жұмыс істейтін азаматтар.

 

0