Бас мүфти Серікбай қажы Ораз

Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айтпен құттықтады

239
(Жаңартылды 14:39 22.08.2018)
Серікбай қажы Ораз отандастарын ел игілігі үшін жасалатын қайырымдылық акциялары мен сауапты іс-шараларға атсалысуға шақырды

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды мұсылмандардың Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

"Баршаңызды исі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Айт мейрамы құтты-берекелі болғай! Әр отбасына амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!", — деп жазылған құттықтауда. 

Бас муфти атап өткендей, Құрбан айт – күллі мұсылман үмбетінің екі ұлық мерекесінің бірі. Қазақ халқы бұл мейрамды сан ғасырдан бері ерекше қадірлеп, айрықша атап өткен. Айтулы мейрамда ағайын-жұрт бір-біріне "құрбан айт құтты болсын, айт қабыл болсын" айтып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнаған.

Ақшам намазы мен құптан намазының арасында неге ұйықтауға болмайды? 

"Көрші мен туысқанға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – сонау заманнан жалғасып келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз. Аллаға шүкір, салтынан жаңылмаған жұртымыз тәуелсіздік жылдарында айтты тойлау дәстүрін қайта жаңғыртып, оны халықтық деңгейде атап өтуге мүмкіндік алды. Елбасының игі бастамасымен елімізде құрбан айттың құрметіне демалыс жарияланып, бұл мейрам барша ұлт пен ұлысты бірлік пен ізгілікке үндейтін халықтық мерекеге айналды", — деп атап өтті Серікбай қажы.

 Діни басқарманың төрағасы жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет екенін еске салып өткен. Ал мүмкіндігі жоқ адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Бұл қасиетті күнде мүмкіндігі жоқ, тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беріп, оларға қуаныш сыйлау – сауапты іс.

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой, ешкі шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні кеш батқанға дейін шалуға болады. Құрбандық еті ағайын-туысқа, көршіге, тұрмысы төмен отбасыларына таратылады.

Айт күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, айт намазына қатысу – мұсылмандық міндет. Айт намазына әдемі, таза киіммен барған абзал.

"Құрбан айт – кешірім мен мейірімнің, қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі. Айттың құрметіне ізгілік пен кеңшіліктің жолын ұстанып, қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық жасап, қамкөңіл жандарға сыйлық берудің сауабы мол. Осы ретте барша отандастарымды ел игілігі үшін жасалатын қайырымдылық акциялары мен сауапты іс-шараларға атсалысуға шақырамын.

Күн мен Ай тұтылған кезде Алланың адам баласына нәсіп еткен жарығы сөнеді

Алла Тағала шалған құрбандықтарыңыз бен игі амалдарыңызды қабыл еткей. Қасиетті Мекке қаласында халқымыздың бірлігі мен берекесін сұрап, дұға жасап жатқан отандастарымыздың тілегі мен қажылығы қабыл болғай! Әмин! Құрбан айт құтты болсын!", — деп түйіндеді Бас мүфти. 

 

239
Кілт сөздер:
видео, ислам діні, мұсылмандар, айт намазы, құрбан айт, Бас мүфти, Серікбай қажы Ораз, Қазақстан
Тақырып:
Құрбан айт 2019 (29)
Тақырып бойынша
Мүфтият: ислам қаныпезер қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды
Ислам дінінде қыздың теңі болу үшін жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?
Ислам дінінде зинадан да ауыр күнә қандай?
LIVE: Мәскеуде мұсылмандар Ораза мерекесін атап өтіп жатыр
Құрбан айт 2019: мереке жайлы не білуіміз керек?
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігерлер

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

730
Коронавирус инфекциясы мен ковидтік пневмониядан болған өлім-жітім бойынша тәуліктік мәліметтер жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 3 адам COVID-19-дан, ал бір адам ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Бір тәулікте 52 адамда коронавирус диагнозы расталды, 38 адам пневмонияға шалдықты.

13 наурыздан бері республика бойынша барлығы 107 775 адамда коронавирус анықталды. 1 725 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері 32 490 адам пневмонияға шалдықты, 350 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 314 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр. 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 94 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 15 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 23 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

730
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 52 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды

33
(Жаңартылды 08:35 28.09.2020)
Бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 52 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1
  • Алматы қаласы - 6
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 14
  • Жамбыл облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 5.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша ауырғандар саны 107 775 адамға жетті.

33
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бір жылда 13 ай болу керек": қазақстандық ғалымдар тұрақты күнтізбе ойлап тапты
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді
Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады
Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір
Украинадағы ұшақ апаты

Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді

0
(Жаңартылды 11:00 28.09.2020)
Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған жалғыз курсант Вячеслав Золочевскийдің әкесі де авиация саласында жұмыс істейді, ол да үш рет ажалдан аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсанттың беті бері қарап келеді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Курсанттың әкесі де авиация саласында қызмет етеді. Айтуынша, ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы  

Әуе апаты Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласы маңында 25 қыркүйек күні кешке болды. Ан-26 әскери-көлік ұшағы оқу ұшуын орындаған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Украинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

0
Кілт сөздер:
курсант, ұшақ апаты, Украина