Астана

Астана 2 миллион халыққа дайын ба - Назарбаев елорданы дамыту туралы кеңес өткізді

91
(Жаңартылды 11:49 21.08.2018)
2023 жылға дейін Астанада 9,5 миллион шаршы метр баспана салынбақ

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы және елорда құрылысының болашақ жоспары туралы баяндалды.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі , Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун және Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев қатысты.

Назарбаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
© Photo : Ақорда
Назарбаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Елбасы атап өткендей, қала құрылысын жүргізу барысында қазіргі инфрақұрылым мен коммуникациялардың мүмкіндіктерін ескеру өте маңызды.

Әсет Исекешев елорда құрылысының бесжылдық жоспары мен жаңа нысандар салу туралы мәлімет берді.

Әсет Исекешев Елбасыға қала құрлысының қарқыны туралы мәлімет берді
© Photo : Ақорда
Әсет Исекешев Елбасыға қала құрлысының қарқыны туралы мәлімет берді

"Жоспар аясында 5 құрылыс аймағы қарастырылған. 2023 жылға дейін 9,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 500 мың адамға арналған 156 мың пәтер беріледі. 2027 жылға дейін 800 мың адамға арналған 16 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Осылайша, сіздің тапсырмаңызға сәйкес, қаламызда 2 миллион адамның тұруына жағдай жасалатын болады", – деп баяндады Астана қаласының әкімі.

Мыңнан астам халық "7-20-25" бағдарламасымен баспана алады

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан президенті қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

91
Кілт сөздер:
елорданы дамыту мәселелері, халық саны, тұрғындар, тұрғын үй, Сергей Хорошун, Әсет Исекешев, Әділбек Жақсыбеков, Назарбаев, Астана
Тақырып:
Астана жаңалықтары (89)
Тақырып бойынша
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі түлектердің Астана әкімінің грантын алуға мүмкіндігі бар
Астана автобустарында көліктік картаны енгізу - алғашқы нәтижелер
Астана биіктіктен қалай көрінеді? Әкім сурет жариялады
Загрузка...